«Бұл өмірде бәрі қателеседі»: Сара Амангелді жеке өміріне қатысты сыр шертті

bұl өmirde bәri қatelesedi sara amangeldi zheke өmirine қatysty syr shertti 702d8f8

Сара Амангелдіні жұрт ажырасқан азаматпен көңіл жарастырды деп сынға алған еді. Әнші әрі актрисаның жеке өміріне қатысты бұл ақпарат биыл көктемде түрлі пабликтерде тарады. "Алматы" арнасының Paparazzi жобасына берген сұхбатында Амангелдиева өмірде қателеспейтін адам болмайтынын айтты.

"Бұл өмірде бәрі қателеседі": Сара Амангелді жеке өміріне қатысты сыр шертті

"Менің ол жерде ешқандай кінәм жоқ.  Бұл өмірде қателеспейтін адам жоқ, бәрі қателеседі. Біреу қосылады, біреу ажырасады. Ештеңе айта алмаймын, Алланың көзі тура болсын", – деді әнші.

Желідегі жағымсыз жазбалар Сара қыздың көңіліне тиген көрінеді. Бір рет қателескен бикеш, бастысы дер кезінде аяққа тұру дегенді алға тартты. 

  • "Бәрінен өттік": Ерболат Беделханның әйелімен ажырасқаны рас па?
  • КешYou-дің экс-солисі әншілікті тастап, бет әрлеуші болып кетті

 

Әр қыздың басынан түрлі жағдайлар өтеді. Бірақ енді Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Ешқандай өкініш жоқ. Ең бастысы – ата-анам аман болсын", – деді Сара.

Абайсызда баянсыз махаббаттың шырмауына іліккен Сараның келешектен үміті зор. Өмірге позитивті көзқарас танытқан өнерпаз ару ешнәрсеге мойымақ емес.

"Мұнымен өмірім тоқтап қалған жоқ. Ашық Сараға жарқын өмір сүрген ұнайды. Адам күйзеліс алатын болса, ағзасы да, денсаулық та әлсірейді. Сондықтан өмірге, Алланың берген әр күніне шүкіршілік етіп, рақмет айтудан шаршамау керек", – деді ол.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: