«Бәрінен өттік»: Ерболат Беделханның әйелімен ажырасқаны рас па?

bәrinen өttik erbolat bedelhannyң әjelimen azhyrasқany ras pa 72e4491

Ерболат Беделхан жұбайы Асылға деген сезімі жайлы сыр шертті. Ол ел арасында тараған екеуінің қарым-қатынасы тоқтады деген сөздің нүктесін қойды. Бұл туралы Stan.kz "Алматы" арнасының Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бәрінен өттік": Ерболат Беделханның әйелімен ажырасқаны рас па?

"Ең алғашқы кезеңді ғашықтық сезім, химия деп айтамыз. Әрі қарай басқа сезімдер пайда болады. Бастысы, қазір Асыл жұбайыма үлкен сый-құрмет бар. 

Барлығынан өттік. Өмір көп дүниені көрсетеді. Ең бастысы, ауызбіршілік, келісім. Жолдасың – сенің жеке меншігің емес, келісе білу керек. Осындай дүниелерге мұқият қарау керек", – деді Беделхан.

"Менімен танысқанда топтан шығып кеткен": Ерке Есмахан AZ-мен қарым-қатынасы жайлы

Ерболат ел арасында Асыл екеуі екіге кетті деген сыбыстың тарағанын жасырмайды. Айтуынша, ол ақпарат жалған. 22 жылдан бері жұбайымен бір шаңырақ астында тұрып келе жатқан продюсер бәріне жалған ақпарат таратушылар кінәлі дейді.

"Мен Ninety one тобын құрып, Асыл жеке продюсерлікпен айналысып кеткен кезде дұрыс емес пікірлер кетіп қалды. Ақпараттың дұрыс жетпеу мәселесі бар. Кішкентай дүниені үлкен етіп жеткізу бар.

22 жылдан астам әйеліммен бірге тұрып жатырмын. Осы уақыттың ішінде ең басты дүние әр кезеңде адамды жаңа қырынан тани бастайсың. Адам ешқашан бір орында тұрмайды. Бұл өсумен болады. Сол кезде шыдай білу керек, қолдау керек", – дейді Ерболат Беделхан.

Бүгінде Ерболат пен Асыл Беделханның 4 баласы өсіп келеді. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: