Ақтөбеде апалы-сіңлі 10 млн теңгеге танысын алдап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қыркүйек айының басында полицияға 47 жастағы әйел жүгінді. Оның айтуынша, екі әйел оған "Fineko" компаниясына қаражат салуды ұсынған.
Ақша да, уәде етілген екі еселенген сома да ақыры әйелге жетпеген. Шығын сомасы 10 млн теңгені құраған. Қазіргі уақытта күдіктілердің жеке басы анықталды, – деп атап өтті облыстық Полиция басқармасы.
Бір топ жігіттер жабылып соққыға жыққан: Қарағанды облысының 20 жасар тұрғыны өзіне қол жұмсады
ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.