Ауғанстанда әйелдер демократияға қарсы митингке шықты

auғanstanda әjelder demokratijaғa қarsy mitingke shyқty 0ba3391

Ауғанстанның Фаряб провинциясындағы Меймен қаласында әйелдер демократияға қарсы митингке шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik агенттігіне сілтеме жасап. 

Ауғанстанда әйелдер демократияға қарсы митингке шықты

Видеодан беті мен денесі тұтастай жабылған дәстүрлі киімдегі әйелдерді көруге болады. Наразылық білдірушілер елдегі билікті басып алған "Талибан" радикалды қозғалысының жалауларын көтереді (Қазақстанда террористік деп тыйым салынған). Олардың билікті басып алғаннан кейін тәліптер құрған мемлекет Ауғанстан Ислам Әмірлігін қолдау мақсатында шеруге шыққаны хабарланған. Сондай-ақ, әйелдердің жанында қарулы тәліптердің жүргенін байқауға болады. 

Бұған дейін тәліптердің аға қолбасшысы Вахидулла Хашими ауған әйелдері ер азаматтармен бірге жұмыс істемеуі керек деп мәлімдеген болатын. 

Сондай-ақ, тәліптердің әйелдер мен ерлер арасында қатаң шариғат ережелерін орнататыны белгілі болды. Біріншіден, олар нәзік жандыларға ер адамдармен бірге жұмыс істеуге тыйым салады. Осылайша, ауған әйелдері мемлекеттік мекемелерде, банктерде, бұқаралық ақпарат құралдарында және көптеген компанияларда жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: