Аманжол Әлтаев: Жұбайым мен қызым қайтқаннан кейін, үйге кіргім келмейтін

amanzhol Әltaev zhұbajym men қyzym қajtқannan kejin үjge kirgim kelmejtin 37ff205

Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жұбайымен таныстығы, оның қазасы және одан кейін қалай еңсесін тіктегені жайлы әңгімеледі. Ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды, деп жазады Stan.kz.

Аманжол Әлтаев: Жұбайым мен қызым қайтқаннан кейін, үйге кіргім келмейтін

Аманжол Әлтаев жары Ақмаралмен 1990 жылы "Арқа аруы мен сал серісі" байқауында танысқан. 

"Жігіттердің арасынан мен Арқаның сал-серісі атандым, арулардың арасынан Ақмарал Арқаның аруы атанды. Екеуміз табысып, оқу бітіргеннен кейін шаңырақ көтердік",- деп еске алады айтыскер.

Бүгінде жұбайы Ақмаралдың дүниеден кеткеніне 14 жыл толса да, Аманжол мырзаның оған деген махаббаты сөнбеген. 

"Адамның жан дүниесіндегі шынайы махаббат ешқашан салқындамайды, ескірмейді. Қанша өмір сүресің, соншалықты жүрегіңде, өміріңде лаулап тұрады деп есептеймін. Кейбіреулер уақыт емші дейді, дей тұрғанмен, өзімнің адал жарыма деген шынайы махаббатым, өзім қанша өмір сүрем, сонша жүрегімде болады деп есептеймін", – дейді ақын.

Бір қызығы, айтыстың аламанында жүріп, шешендік сөздің майын тамызатын Аманжолдың таңдаған жары орысша оқыған. Ақын алғашқыда қиналғанын жасырмайды.

 Халықты талантымен таңғалдырған "Қойшы бала" туралы не білеміз?

"Қиындықтан шығарған Ақмаралдың өзі болды. "Қалада өскеніммен, 5 жасыма дейін ауылда әжемнің қолында тәрбиелендім. Тілім қазақша шыққан. Қиналмай қазақша сөйлей беріңіз" деп біраз жеңілдетті.
Менің Ақмаралым мың жерден орысша оқысаң да, қазақ тілін кемел меңгеруге болатынын дәлелдеп кеткен адам. Кейін ол қазақша әдеби сөйлейтін деңгейге жетті. 

Ақмаралдың қолынан қазақтың зиялыларының ішінде дәм татпаған адам кемде-кем. Кешегі Сәкен Жүнісов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза әли ағаларымыздан бастап… Әсіресе, жақын араласқан, көзін көрген адамдардың бәрі бұған дәлел бола алады", – дейді Әлтаев.

Әдеби тілді меңгергені соншалық, Ақмарал ханым Аманжолдың айтыстарына сын айтатын деңгейге дейін жеткен. Алайда қателіктерін бетіне басқанда, Аманжол мырза ренжіп қалады екен. 

"Бұртиып қалатынмын. Әйелі сын айтса, тіксіңкіреп қалатын қазақпыз ғой. Бірақ кейін ол: "Сен ренжіме, маңайыңдағы адамдар сені тек мақтай береді. Одан өспейсің. Қайта менің айтқанымнан түзеп аласың", – деп түсіндіріп берді", – дейді Әлтаев.

Ақмарал ханым парасатты жан болған деседі. Ол түрлі қыздармен қалжыңдасып, айтысқан жұбайын еш қызғанбапты.

"Алған жарың ақылды, білімді болса, бұл проблема өнер адамында болмайды. Ақмарал ешқашан сахнада айтысқан қыздардан қызғанған емес. Керісінше олармен кездескенде бауырына тартып отыратын. Ауыр қараған емес, түсініп қарайтын. Керісінше талқылап, күліп отыратын. 

Біздің бір-бірімізге деген ренішіміз 15 минуттан аспайтын. Көзімізге қарасақ, күліп жіберетінбіз. Үнемі есіктен кірген кезде күліп, жылы қарсы алатын. Кәдімгі киімімді шешіндіріп, баласын анасы қалай өбектесе, солай қарайтын", – дейді ақын.

Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атануы мүмкін

Тіпті, үй шаруасына келгенде ерінің мойнына ешқандай міндет жүктемеген. 

"Жеңгең қайтыс болғанда коммуналдық төлемдерді төлеудің өзі маған стресс болды. Қайда барып төлейтінімді білмеймін. Ондай істерге араластырмаған. Сапарға шығатын кезде киімдерімді орын-орнына салып беретін.

Жұбайым мен қызым қайтқаннан кейін, үйге кіргім келмей, есіктің алдында ұзақ отыратынмын. 14 жыл бойы солай отырамын дей алмаймын. Оңаша қалған кезде, ностальгия болады. Өткен өміріңді ойламау мүмкін емес. Кейін бірте-бірте жарасы жазылып, еңсемді түзедім", – деп ағынан жарылды айтыскер. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: