«Айлықты аз төлеген»: Алматы облысында қойшылар қожайындарын қылқындырып өлтірді

ajlyқty az tөlegen almaty oblysynda қojshylar қozhajyndaryn қylқyndyryp өltirdi 76710f6

Шаруа қожалығының жұмысшылары қожайындарын тұншықтырып өлтірді. Денесінде зорлық күш қолданудың белгілері бар ер адамның денесі 9 қыркүйек күні табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Айлықты аз төлеген": Алматы облысында қойшылар қожайындарын қылқындырып өлтірді

Қайтыс болған азамат Іле ауданының 65 жастағы тұрғыны болып шықты. Марқұмның әйелі күйеуінің қойшымен және оның серігімен Жаркентке қарай шығып кеткенін айтқан.

"Полиция қызметкерлері Қоңырөлең ауылының маңында жол бойында кетіп бара жатқан күдіктіні ұстайды. Ол мас күйде болған. Оны суретке түсіріп алып, қайтыс болған азаматтың әйеліне таныту үшін көрсетеді. Әйел азаматты күйеуімен бірге шығып кеткен қойшы екенін таныған. Күдікті ер адамды өлтіргенін мойындап, қайтар жолда үшінші қойшымен қосылып үшеуі спирттік ішімдік ішкенін айтады. Ауылдың маңында жалақыға байланысты жанжал туындайды. Содан кейін айлықтың аздығына көңілі толмаған қойшы өзінің серігімен қожайындарын қылқындырып өлтіреді", – деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Сонан соң олар марқұмның денесін айдалада қалдырып, оның ұялы телефоны мен ақшасын алып қожайынның көлігімен кетіп қалған. Ұрланған ақшаға олар алкоголь сатып алады. Қоңырөлең ауылының маңында жеңіл машина бұзылып қалады.

Осылайша күдіктінің біреуі көліктің ішінде ұйықтап жатқан жерінен қолға түсті.

"Қазіргі уақытта екі күдікті де қамауға алынды. Белгілі болғандай, олардың біреуі бұрын бірнеше рет тонау және бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде мал ұрлығы үшін сотталған болып шықты. Екінші азамат та маскүнем және отбасының берекесін алушы адам ретінде есепте тұрған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде іс бір топ адамдар жасаған адам өлтіру қылмысы бойынша қайта санатталды.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: