Взводтардың жауынгерлік атысы

whatsapp image 2021 08 26 at 21.29.22 3

Аягөз гарнизонының танк әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бөлімшелердің далалық шеберліктерін және үйлесімділігін жетілдіру мақсатында взводтардың жауынгерлік оқ ату даярлығы жүргізілуде.

whatsapp image 2021 08 26 at 21.29.22 3

Осы жылдың ыстық күн райына қарамастан атыс сабақтары далалық жағдайда жүргізілуде. Тактикалық іс-қимылдармен қаруды шебер қолдану және бөлімшелердің оқ атуын басқару, сонымен қатар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау шаралары басты назарда болады. Жеке құрам бөгде жерде ұрыс қимылдарын жүргізу сынды, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, взводтың атысын басқару мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ ұрыс машиналарын қозғалыс кезіндегі ату шеберлігін жетілдіреді.

whatsapp image 2021 08 27 at 15.04.03
– Танк әскери бөлімінде взводтардың жауынгерлік атыс даярлығы басталды. Мұнда әскери қызметшілер өз іс-қимылдарын штаттық жауынгерлік техникаларда практикалық атыс пен тактикалық дайындық нормативтерін орындап, сонымен қатар сынақтар тапсыратын болады. Барлық сабақтар санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтеді. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы жоғары деңгейде. Тамыз айы соңында атыс даярлықтарын қорытындылайтын боламыз, – деді бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Асхат Шайкенов.

whatsapp image 2021 08 26 at 21.29.22 2
Жауынгерлік атысты қамтамасыз ету үшін жеке құрам штаттық қарулардан оқ атып, жекелеген мақсаттар бойынша жаяу әскердің жауынгерлік БМП машинасына орнатылған зеңбіректерден түнгі және күндізгі уақыттарда нысаналарды көздеп оқ атуды, сондай-ақ нақты жауынгерлік жағдайда дәлдеу тапсырмалары мен нормативтерін орындайды.

whatsapp image 2021 08 26 at 21.29.22

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: