Әлішер Кәрімов: Менің төсегімде әрдайым әртүрлі адамдар болады

Әлішер Кәрімов өнеріне, денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Қонақ үйде өзін жалаңаш күйінде кімнің суретке түсіргенін айтты. Бұл туралы әнші «Время» газетіне берген сұхбатында айтты.

Әлішердің айтуынша, ол сахнаға үнемі қымбат костюмдермен шығады екен. Себебі сахнада лайықты болу керек.

«Мен өмірде арзан киім киіп жүре аламын. Бірақ, сахнада қымбат бренд костюмдер киемін. Мәселен, Дольче Габбана, Ива Сен-Лоран, Том Форд секілді. Менің сахналық костюмдерім 50 мың доллардан кем тұрмайды», – деді ол.

Әнші желіге қонақ үйде төсекте жатқан сәтінен фото жариялаған еді. Журналист суретке түсірген адамның кім екенін сұрады.

«Менің төсегімді әрдайым әртүрлі адамдар болады. Олар менімен іссапарға баратын адамдар. Жақндарым, достарым. Әкімшілер мен музыканттан», – деп күлді әнші.

Әлішер Корей елінде ауыр ота жасатқанын, блефаропластикаға жүгінгенін айтты.

«Менің омыртқам 50 градусқа майысқан еді. Сондықтан мен бүкірейіп, алдыңғы кеудем мен  қабырғам майысып тұратын. 11 сағатқа созылған ота сәтті өтті. Омыртқамды түзеді. Соның нәтжесінде менің бойым 6 см-ге ұзарды»,- деді ол.