Жемқорлыққа қарсы кезекті  жиын

dsc0021

Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлім командирлері мен олардың бағынысындағы бірқатар жауапты офицерлермен сыбайлас жемқорлық қатысты іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарын жеткізу мақсатында жиын өткізілді.

Қоғамда белең алған жемқорлық  індеті тақырыбында кезекті  бас қосқан бөлім командирлері мен әскери құқық қорғау органдарының басшылықтары бұл жолы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлесе қызмет атқару тақырыбы болды.

dsc0021

Жиын барысында сөз алған Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы  штаб бастығы майор Асхат Доғалов басшылық тарапқа алдын алу жұмысына өте қырағы қарап, жұмыла күресуге шақырды. Себебі сергектікті қажат ететін бұл күрес жолында әліде заң бұзушылық  фактілерінің азаймағандығын тілге тиек етіп, ел аумағымен әскери құрылымдардағы жемқорлық қылмысынан бірқатар мысалдар келтірді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың екі тоқсан қорытындысы мен Қазақстан Республикасы үкіметімен бекітілген  жемқорлықтың  алдын алудағы енгізілген жаңа заңнама талаптарын жеткізді.

Шара барысында сөз алған Аягөз гарнизонының бастығы полковник Сәбит Үркінбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу керектігін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуі керектігі екендігіне жіті тоқалды.

  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу сабақтары жеке құраммен жиі-жиі болып тұрғаны дұрыс деп ойлаймын, себебі әскери орта мен қоғамда  орын алып жатқан жемқорлықтың көрінісі қай жерде нақты болатыны жайлы біле бермейміз. Сол себепті осындай сабақтар жеке құраммен өткізу арқылы өзіміздің бағынысымыздағы жеке құрамның теріс әрекетке бармауының алдын-аламыз деген ойдамын, – деді Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы  штаб бастығы майор Асхат Доғалов.

 

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

 

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: