Ғалымжан Қалыбаев: Боратқа алғыс айтуымыз керек, ол шындықты көрсетті

alymzhan Қalybaev boratқa alғys ajtuymyz kerek ol shyndyқty kөrsetti d672451

Актер Ғалымжан Қалыбаев қазақтың қадірі кеткенін, қоғамдағы тәлім-тәрбиенің жоғалып кеткенін жеткізді. Қазақ қоғамы Борат көрсетіп бергендей картина. Оған ренжімей, алғыс айту керек деді актер. 

Ғалымжан Қалыбаев: Боратқа алғыс айтуымыз керек, ол шындықты көрсетті

Бұл туралы ол Әли студиясы бағдарламасында айтты.

Ғалымжан Қалыбаев қазақ қыздарың арсыздығы жігіттердің намыссыздығынан туған проблема деп атап өтті. Бұл “қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді” дегенге саяды. 

“Жігіттер қыздарды кінәлаймыз. Қыздар ұятсыз. Ашық-шашық жүреді. Намысымызды таптады. Тәрбие жоқ дейді. Өздері солай айтуға лайық па? Саунада 50-ден асқан еркек өз қанындағы қарындасымен жақын болғанын естігенбіз. Жігіттерде намыс жоқ.  Ешбір қызға ешкім ренжімейді. Андағың не, жалаңаштанба, саныңды жап деп ешкім зекімейді. Ешкім ұрыспайды. Сондықтан қыздар білгенін істейді. Әрбір қызға бір қарап, шақуаты оянып, нәпсіге беріледі. Борат сол көріністі көрсетті. Ол шындықты айтты. Оған ренжудің керегі жоқ.  Оған рахмет айтуымыз керек. Бізге ой салды. Біз ойланып, одан сабақ алуымыз керек. Жігіттер намысты болса, қыздар өзі-ақ түзелер еді. Алдымен ер азаматтардың діні мықты болу керек. Егер азамат мықты болса, әйеліңді шайтан азғыра алмайды. Егер әлсіз болсаң, ібіліс саған білгеніңді істетеді. Себебі ібілістер әйелдерді оңай жаулап алады. ”, – деді ол. 

Актер Ғалымжан Қалыбаев: Әр қазақ тоқалдан туған, тоқал алу үшін әйелдің рұқсаты керек емес

“Күлкі базар” театрының әртісі әрбір өнер адамында жауапкершілік болу керек дегенді айтты.

“Қазір жастар да, үлкендер де желідегі жұлдыздарды аңдып отырады. Әншілер не істейді, не киеді, не айтады, соған еліктейді. Мұны әр өнер адамы жауапкершілікпен қабылдау керек. Олар мүмкіндікті пайдалану керек. Үлгі болу керек. Ішіп-жегенін түсіреті әншілер бар. Ол кімге керек? Менімен біреу суретке түсуге ниет танытса, мен мына адамды өзіме  қаратып қойған жоқпын ба деп ыңғайсызданамын. Себебі біз ол үшін өмірге келген жоқпыз. Біз  құлшылық етуге келдік”, – деді актер.

Әртіс қазіргі елдегі індет бізге сынаққа келді деген пікірде. 

“Меніңше, бұл халықтың етек-жеңін жинап, ысыраптан, күнәдан тыйылу үшін, барды бағалау үшін келген індет. Той ысырапқа айналды. Қазір той жоқ. Бұл өзіміздің кінәмізден. Қытай да, Еуропада, Америка да кінәлі емес. Мен той деп, Алланы ұмыта бастаппын. Мен ата-анама, бала-шағама көңіл білмеппін. Ағайынмен араласпай қойдым. Осыдан соң бірден үйге қамалып қалдым. Маған сабақ болды”,  – деді Қалыбаев. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: