Белінен ұстап алып тартқылаған сайын, жайырақ нетші деп жалынамын

Баяғыда, баяғыда дегенде осыдан он жыл бұрын, күйеу шегетін темекінің бағасы 40 теңге болатын. Ал қазіргі бағасы 400 теңге қымбаттаған.

Ол бәлені қылдай белінен ұстап алып тартқылаған сайын, жайырақ нетші деп жалынамын. Құмар ғой!

Қазіргі тілмен айтқанда кайф.

Күнде пәлен теңге сарып қыла беру оңай ма?

Қалтасында темекісі қалмай қалған күні түтін іздеп, түтінмізді шығарады.

Алып беру де ақша, қойдыру да ақша. Давно қойып кеткенде қара түсті камри мініп алатын едім.

Қымбатшылық қыспаққа алғанда өзің қосыла шеккің келіп кетеді екен.

Баяғыда екі скелет адамдарды қорқытпақ болып жоспар құрады.

Кездескен адамнан шырпы сұрап, темекімізді тұтатып беруін өтінейік. Олар жарықтан түрімізді көріп қорқатын болады.

Келіскеніндей екеуі түнделетіп келе жатқан адамнан шырпы сұрайды. Ол да ақкөңіл екен. Темекісін тұтандырып беріп жатып, Жігіттер темекі шекпесеңдерші азып кетіпсіңдер ғой ~ деп айтады дейді)

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан