Вакцина алмаған студенттер онлайн оқиды — Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері (18 жастан асқан) коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде айттылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вакцина алмаған студенттер онлайн оқиды - Денсаулық сақтау министрлігі

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы ұйымдастыру іс-шараларының ішінде: педагогтарды, қызметкерлерді, 18 жастан асқан студенттерді 100% вакцинациялау (медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды не соңғы үш ай ішінде ауырып қалғандарды қоспағанда), сондай-ақ барлығына, оның ішінде білім алушыларға қатысты Ashyq қосымшасын пайдалану.

"ЖОО мен колледждердің дәстүрлі оқыту форматына көшуі кезінде вакцинацияланбаған студенттерді онлайн-оқытуға көшіруді қамтамасыз ету қажет", — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Оқу орындарына, кітапханаларға және жатақханаларға кірген кезде міндетті түрде Ashyq қосымшасын пайдалану қажет, деп қорытындылады ведомствода.

Источник stan.kz