Қазақстандықтарға 85400 теңге мемлекеттік субсидия төленеді: Ақпарат желіде қызу талқылануда

Telegram мессенджерінде 2010 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде жұмыс істемеген немесе табысы төмен адамдар мемлекеттік субсидиялар ала алады деген ақпарат тарады. Олардың мөлшері 85 400 теңгені құрайды және үш ай ішінде төленеді. Бұл жалған ақпарат болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stpofake.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға 85400 теңге мемлекеттік субсидия төленеді: Ақпарат желіде қызу талқылануда

Бұл ақпаратты ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.

“Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған табысы төмен және жұмыссыз азаматтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды”, – делінген ведомство жауабында.

Сондай-ақ, министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік жүктелетіні туралы еске салды.

Қазнетте елімізде жоқ мемлекеттік төлемдер мен жәрдемақылар туралы хабарламалар бұған дейін де таратылған болатын.

Источник stan.kz