Белгілі журналист жас тележүргізушінің орынсыз әзілін сынап тастады

belgili zhurnalist zhas telezhүrgizushiniң orynsyz әzilin synap tastady 78962c3

Белгілі журналист Есенгүл Кәпқызы жас тележүргізушінің орынсыз әзіліне сын айтты. Бұндайға жол берген арна басшылығына мін тақты. 

Белгілі журналист жас тележүргізушінің орынсыз әзілін сынап тастады

"Евразия 1" телеарнасының бағдарлама жүргізушісі Асаубек Айымбетов өзі бағдарлама жүргізіп отырып екі рет жаңылды. Сөйте тұра, ауа райын таныстыру үшін әріптесіне сөз беріп жатып: "Бүгін әйел таксиске отырып едім, қарсы бағытқа шығып кетіп әбден зәремді ұшырды. Соған қарағанда нәзік жандыларға көлік тізгіні мен бағдарлама тізгінін бермеген жөн-ау" деп орынсыз қалжыңдайды. Мемлекеттік телеарнада мұндай өрескелдікке жол беріп отырған адамдарға не дейміз? Арна басшылығы қайда қарап отыр?”, –деп жазды Есенгүл Кәпқызы.

Асаубек Айымбетов Ақтөбе облысының тумасы. Бала күнінен тележүргізуші болуды армандаған. Журналистикадағы алғаншы тәжірибесі жергілікті “Рика” телеарнасында, Ақтөбе радиосында басталған. Бүгінде мемлекеттік арнада жаңалықтар жүргізіп жүр.

Желідегі оқырманның көпшілігі журналистің сөзін қостады. Енді бірі өз ойын айтып жатыр. 

“Біраз жүргізушілер асаба сияқты болып үйреніп алған. Басты мақсаттары тоқтамай сөйлей беру”, “Арна басшылары эфирдегі бағдарламаларды қарамайтын шығар”, “Әлі теледидар көресіз бе? Біз желіден қараймыз. Есесіне жүйке тозбайды”, “Ол мәтін алдын ала келісілген шығар, әйтпесе өз еркімен олай айтса өрескелдік”, – деп жазды олар.

  • Тұрсынбек Қабатовтың Аймағамбетов жайлы қалжыңына білім министрлігі жауап берді
  • Журналист: Тұрсынбектің Ұлттық арнаға әмірі жүргені соншалық, Есен Елеукенді Жайдарманымен бірге ығыстырып жатыр

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: