Оқушылар өз қалауы бойынша онлайн оқуына бола ма? Білім министрі жауап берді

oқushylar өz қalauy bojynsha onlajn oқuyna bola ma bilim ministri zhauap berdi 1cf70e1

Оқушылар ата-аналарының қалауы бойынша онлайн форматта оқи алмайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының Instagram-дағы тікелей эфиріне сілтеме жасап. 

Оқушылар өз қалауы бойынша онлайн оқуына бола ма? Білім министрі жауап берді

Білім министріне "ата-аналар өтініш жасаса, балалардың дәстүрлі форматқа ауыспай, онлайн оқуға мүмкіндігі бар ма?” деген сұрақ қойылды. 

"Жоқ. Балалар дәстүрлі форматта білім алады деген шешім қабылданды. Көптеген студенттер, егер мүмкіндік болса, мүлде сабақ оқымай, университетке бармай диплом алғылары келеді. Бірақ сонымен бірге, басым көпшілігі дәстүрлі оқытудың қажеттілігін айтып жатыр. Менің ойымша, сарапшылар, ата – аналар мен педагогтар дәстүрлі оқыту қашықтықтан оқытуға тең тұрмайтынын, теңесе алмайтынын түсінеді", – деп жауап берді Аймағамбетов. 

Еске салсақ, білім министрлігі мектептерді қайтадан алты күндік оқу жүйесіне көшіретіні туралы жазған болатынбыз. 

Оқушылар алты күн оқиды: Білім министрі мәселенің мән-жайын түсіндірді

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: