Зәрем қалмады: Ләйлә Сұлтанқызына ұлдары пранк жасады 

zәrem қalmady lәjlә sұltanқyzyna ұldary prank zhasadynbsp 41bdc8d

Ләйлә Сұлтанқызына ұлдары пранк жасады. Тележүргізуші ыңғайсыз жағдайда тап болғанын айтып, оқырмандарын бір күлдіріп алды. Ата-ана мен бала тәрбиесіне қатысты ойын айта кетті. 

Зәрем қалмады: Ләйлә Сұлтанқызына ұлдары пранк жасады 

Ләйлә Сұлтанқызына ұлдары пранк жасады. Ұлдарының теріс қылығын көрмеген ол тығырықтан шығатын жол таба алмай қалды.

“Ұлдар бүгін пранк жасады. Түстенуге кешігіп келсем, үстел басында ұлдардың алдында сыра тұр. Жартысы стаканға құйылған, қалғаны бөтелкеде. Кәдімгідей ішіп отырған сияқты. Түрімнің бұзылғанын көрсеңіз ғой, не айтарымды білмей қалдым. Үлкені маған қарап жымыңдап қояды, бәрі дұрыс па дегендей. Сұрасам, "сыра" дейді. "Дәмі қалай екен?"десем, "жап-жақсы" дейді. не істерімді білмей қалдым, қорыққаннан ба, қабылдай алмағаннан ба, елдің көзінше не ұрысарымды, не ұрыспасымды білмей қалдым.? Бір сәтте өзімді сондай әлсіз сезіндім. Зәрем қалмады. Жалтақ-жалтақ жан-жағыма қарай беріппін, бұл қалай дегендей”, – деп жазды тележүргізуші. 

Анасы ұлдарының сыра ішкеніне аң-таң күйде қалды. Кейіннен мұның құрбыларымен жасаған әзіл екенін түсінгенде ғана өз-өзіне келгендей. Осы әзілден соң бала тәрбиесіне, баланы үлкен өмірге дайындау туралы ойлана бастағанын айтты.

“Сөйтсем құрбыларым бала-шағасымен, менің ұлдарыммен алдын-ала келісіп, пранк жасап, менің эмоциямды сыртымнан видеоға түсіріп алғысы келіпті.  Ойлары жүзеге асқанда ғана мойындады ғой. Уф деп жүрегім орнына зорға түсті.

Ойлап отырсам, кейде біз аналар эгоистеніп, балаларымызды үлкен өмірге қимайтын (дайындамайтын) сияқтымыз, әр нәрсені естіп, көргеннен кейін де қатты қорқады екенбіз. Өмір бақи бала қасымызда, тек біздің айтқанымызды тыңдап жүреді деп ойлайтын болуымыз керек…Бүгінгі жай ғана жасалған пранк біраз ой салды.

Аналар, айтыңыздаршы, ұлдарыңыздың жат қылығын (үстінен темекінің иісі, шампан ішкен кезі) қай жасында байқадыңыз? Не істедіңіз? Не істеу керек жалпы?”, – деп жазды Ләйлә Сұлтан. 

Желі қолданушылары өз ойын білдіріп, бірі ұсынысын айтты. 

“Ұлдарыңыз бір сұлу ғой сондай сүйкімді”, “Пранктағы жүзіңізді көрсетпедіңіз бе, бірге күлетін едік”, “Құдайға шүкір, Алла берген 3 ұлым бар,үлкені 20 жаста. Әкеден жақсы тәрбие алған ұл бала ұрынып барып жөнделеді. Ал әйел тәрбиелеген ұл қорқып жүріп ұрынады да, көбінесе орнына келе алмай қыйсайған жаққа қарай кетеді”, “Әр баланың өзінің санасына берсін. Баланың өзіне байланысты болар. Ақылы бар, көзі ашық, көкірегі ояу бала жаман қылыққа жоламайды”, “Әкесінен аяқ тартса жаман болмас. Өзіміз де солай өстік қой”, – деп жазды желідегілер. 

  • "Ашық үгіттеймін": Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы екпе салдырды
  • "Естен тандырды": Қысқа көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы сынға қалды

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: