«Ауаға бұрқыратып у шашты»: Түркістан облыстық ішкі істер департаменті түсінік берді

auaғa bұrқyratyp u shashty tүrkistan oblystyқ ishki ister departamenti tүsinik berdi c52ecc3

Түркістан облысы тұрғынының “ауаға бұрқыратып у шашты" деп айтып, түсірген видеосы әлеуметтік желі қолданушылары арасында жаппай таралып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ауаға бұрқыратып у шашты": Түркістан облыстық ішкі істер департаменті түсінік берді

Видеода кадр сыртындағы ер адам "Дұрыс па осы? Құмға барып шашсаңдаршы" дейді. 

Жазбаны жариялағандардың ішінде блогер Dauletten де бар. Ол құзырлы органдардан ресми жауап күтетінін жазған.

"Осы кезге дейін "бізді улап жатыр" деген видеоның түр-түрін көрген едім… Бірақ оларға күмәнмен қарайтынмын. Ал мына видеода бұрқырап жатқан не болды екен? Сіз қалай ойлайсыз? Құзырлы органдардан ресми жауап күтеміз!!! Егін алқабы дейін десем… Мына жерде егін жоқ секілді", – дейді Дәулет Мұқаев. 

Алайда Түркістан облыстық ішкі істер департаменті бұл видеода шашылып жатқаны қырым-қанды безгегі бойынша залалсыздандыру жұмыстары екенін айтып түсіндірді.

"22.07.21 әлеуметтік желіге таралған бұл бейнежазбаға сәйкес, Созақ АПБ қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Созақ аудандық СЭББ-ға қарасты автокөлік екені және Қырым-қанды безгегі бойынша залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқаны анықталды. Сондай-ақ бейнежазбаны таратқан Созақ ауданының тұрғыны анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді", – деп хабарлады ІІД өкілдері.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: