Қарағанды облысының судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды

araғandy oblysynyң sudjasy 9 zhylғa bas bostandyғynan ajyryldy 138838c

Қарағанды облысының судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды облысының судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2021 жылғы 10 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.М. Ғабдуллин 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол "Оливия" ЖШС-нің заңгері Е.В. Кантер-Скрипкинаның Қарағанды қаласында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша конкурстардың қорытындыларын жою туралы аталған Серіктестіктің талап-арыздарын қанағаттандырғаны үшін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларының судьяларына 8 млн теңге мөлшерінде пара беру бойынша алаяқтық және арандатушылық жасады.

"Оливия" ЖШС-нің заңгері Е.В. Кантер-Скрипкина пара беруге әрекет жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: