Теміртауда той қонақтары мониторингтік топтан егістік алқабы арқылы қашқан (видео)

temirtauda toj қonaқtary monitoringtik toptan egistik alқaby arқyly қashқan video 32b801c

Теміртаудағы мейрамханана иелері мониторингтік топ өкілдерін кіргізуден бас тартқан. Нәтижесінде той қонақтарының мейрамханадан қашқан видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Теміртауда той қонақтары мониторингтік топтан егістік алқабы арқылы қашқан (видео)

9 тамызда 102 пультіне Металлургтер даңғылы бойында орналасқан Теміртаудағы Гранд холл мейрамханасында көпшілік жиналған іс-шара өтіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына мониторингтік топ келген. Тексерушілердің көзіне түспеу үшін қонақтар қызметтік кіреберістен шығып, далаға қашқан. Куәгер бұл әрекетті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге орналастырды.

"Мониторингтік топ келген соң факт расталды. Алайда, мекеме әкімшілігі ғимаратқа кіруге рұқсат беруден бас тартты. Келушілер мейрамханадан қосалқы кіреберіс (жертөле) арқылы жасырын түрде кете бастады. Мейрамхана иесіне 670 910 теңге айыппұл салынады", – деді Теміртау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Karaganda | Караганда (@karaganda.city)

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: