Еңбек министрлігі қазақстандықтарға 85 мың теңгеден төленеді деген ақпаратқа жауап берді

eңbek ministrligi қazaқstandyқtarғa 85 myң teңgeden tөlenedi degen aқparatқa zhauap berdi 45195bf

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі табысы төмен азаматтарға субсидия берілетіні туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еңбек министрлігі қазақстандықтарға 85 мың теңгеден төленеді деген ақпаратқа жауап берді

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп жазылған министрліктің ресми сайтында.

Ведомство Қазақстанда мұндай субсидия жоқ екенін атап өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды жалған ақпаратқа назар аудармауға және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуға шақырды.

Министрлік жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске салды.

  • Қазақстандықтар жұмыс берушінің зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді аударғанын қалай көре алады
  • Бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімі ұзартылмақ

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: