Қазақстанның мектептері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі білім беруге қайта оралады

Қазақстанның мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі білім беру форматына оралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның мектептері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі білім беруге қайта оралады

Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді. 

“Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарында оқу штаттық режимде қамтамасыз етілсін. Білім министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, әрбір мектепке дәстүрлі форматта оқу бойынша нақты ұсынымдарды жеткізсін. Осы жылғы 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, педагогтар мен техперсоналды вакциналаумен 100 пайыз қамтамасыз етсін”, – деп мәлімдеді Асқар Мамин. 

Сонымен қатар, премьер-министр 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерді 100% вакцинациялауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888