Ықылым заманнан бері адам баласы әлемді тануға ұмтылған. Ғасырлар бойы жер бетіндегі тылсым тіршіліктің сырын білуге құштарлығы артқанымен, оның бәрін білу де мүмкін емес. Бірақ табиғаттың таңғажайып құбылысы өте күрделі. Десек те, күрделі нәрсенің құпиясын ашуға ұмтылыс барған сайын күшейе береді.

Бірақ табиғаттың өз құ­діре­ті­мен жасалған құбылыстың сыры жұм­бақ болып қалатыны қашан да ақи­қат. Жерасты қазбаларын пай­далану мақсатында пайда бол­ған жайттарда еш құпия сыр жоқ. Адам баласына әсер қалдыратын мұн­дай жерлер әлемнің әр түк­пі­рін­де көп кездеседі. Тек оның сы­рын біліп әрі ұғыну қажет.
Расында, таңғалдыратын жайт­­тардың терең сырының мәлім бол­май келе жатқанының бірнеше се­бебі бар. Өйткені адам баласы оны зерттеп көруге талпын­ға­ны­мен, бойын үрей билеп, беймәлім ме­кенге аяқ басудан бас тартады. Сон­дықтан да тылсымы мол құ­бы­лысты аймақ аңызға айналып қала бе­реді. Бір ғана мысал, Багам ара­лын­дағы Дина көгілдір жы­ра­сы­ның (немесе айдын) сырын бар­лау­ға әлі күнге дейін ешкімнің жү­регі дауалай алмайды. Жаға­лау­дан қарағанда, Дина айдыны көк­пеңбек болып керемет әсер қал­ды­ра­ды. Жаратқан мұндай көркем сұ­­лу табиғатты кез келген жерге бе­­ре салмаған. Бірақ сонымен қа­тар сұлу мекеннің де сұмдығы бо­лады екен. Дина көгілдір ай­ды­нының тереңдігі –202 метр. Бірақ адам баласының мұнда суға түсіп немесе айдында еркін жүзуі мүмкін емес нәрсе. Жұтып кетеді. Тереңіне тартады. Дегенмен адамзат қашан да осындай кұрделі мекеннің сы­рын білуге ұмтылған ғой. Өзін әр­кез күрделі жағдайларда сы­най­тын ағылшынның зерттеушісі Уи­льям Трабридж 2010 жылы осы Ба­­гам аралындағы көгілдір жыраға тү­сіп көрген. Ешқандай жабдық­сыз, ауасыз 101 метр тереңдікке дейін жүзіп барып, су бетіне қайта шыққан. Бұл пақырыңыз аталған рекордтық нәтижені қайта жаңарт­пақ болып 2013 жылы тағы да кө­гілдір жыраға секірген. Бірақ 3,5 минуттан кейін шыдамай қайтадан су бетіне шығуға мәжбүр болған. Ары қарайғы жағдай қайғылы оқи­ғамен аяқталды. Уильям Трабридж су астындағы қысымға шыдамай есі­нен танып, қайтыс болып кетті. Сон­да Дина көгілдір айдынының құ­пиясы неде? Жағалаудан қара­ғанда, су беті көк кейпінде, көк­пең­­бек тыныш қалыпта жатады. Түбі – терең жыра. Өзіне тар­та­ды. Сондықтан да болар, жергілікті халық Дина көгілдір айдынына суға түспейді. Атқарушы билік те рұқсат етпейді. Қазір Дина көгілдір жырасының дақпырты жан-жаққа тарап, туристер жиі келетін ме­кен­ге айналған. Бірақ жергілікті халық «кө­гілдір айдынның астындағы те­рең жырада жын-шайтандар бар. Олар сол жерде қазір де өмір сүре­ді, өз мекеніне келгендерді жақ­тыр­майды. Тіпті ол жыра өзге өр­кениет мекені болуы да мүмкін, олар артық күш иесінің келгенін қа­ламайды» деп те дақпырт тара­тып жіберген. Енді мұның қан­ша­лықты ақиқат екенін кім білсін, бі­рақ Дина суасты жырасының жұм­бақ жайы әлі күнге дейін дүйім жұртты өзіне тартып келеді.


Бұл ғана емес, адам баласын өз тыл­сымына тартқан мұндай жы­ра­лар өте көп. Соның бірі – Солтүстік Америкадағы Болди тауы маңын­дағы Indiana Dunes ұлттық пар­кіндегі құмды аймақ. 2013 жылы осы тауда ата-анасымен дала кезіп жүрген 13 жастағы бала тосын жағ­дайға тап болады. Күтпеген жерден аяқ астынан дауыл пайда болып, құм суырып, бала ізім-ғайым жоқ бо­лып кеткен. Тек үш сағаттан кейін ғана барып, 3,5 метр терең­діктен бала табылады. Бұл оқи­ғадан кейін таулы өлкенің бірнеше аймағында осындай тереңдігіне тез тартатын құм шұңқырлар пайда болған. Мұның себебі неде? Ға­лым­дар осы күнге дейін мұның құ­пиясын іздеумен келеді. Бол­жамдар әртүрлі. Бірақ нақты бір тұ­жырым жоқ. бірнеше жылдың ішін­де ондаған қазан шұңқырлар әр жерде пайда бола бастаған соң, жер­гілікті билік ұлттық паркті жауып тастады. Бұл жерді қазір тек ті­кұшақпен туристер төбеден ғана бақылай алады.


Жер шарындағы теңіз түбіндегі қа­зан шұңқырларды іздеу жал­ғас­қанымен, мамандар оны зерттеуге аса құлықты емес. Оның бірнеше себебі бар. Өйткені бұл құпиялы мекен аса қауіпті. Екіншіден, оған тәуекел қажет және аса көп қар­жы­ны талап етеді. Тек пайданы ой­ла­ған мына заманда мұндай қор­қы­ныш­ты жерге кім бара қойсын?! Бі­рақ әлемде бар-жоғы бірнеше адам ғана аяқ басқан тылсым жер­лер бар. Соның бірі – Марианск шұң­қыры. Тынық мұхиты айма­ғын­да орналасқан бұл су астындағы шұңқырды 1875 жылдан осы уа­қытқа дейін бар-жоғы үш-ақ адам зерттеген. Бірінші рет америкалық лейтенант Дон Уолш пен зерттеуші Жак Пикар 1960 жылдың қаңтар айын­да теңіз түбіне түсіп көрген. Жай барлаған да, кері қайтқан. Олардың қандай да бір зерттеу дерегі туралы ешқандай материал жоқ. 2012 жылдың 26 наурызында белгілі кинорежиссер Джеймс Кэмерон Марианск шұңқырына түсіп, деректі фильм жасағаны белгілі. Бірақ оны таңғалдырғаны, мұнда ешқандай тіршілік жоқ. Бос жатқан сулы кеңістік. Мүлгіген ты­ныштық. Ол теңіз астында өзін жал­ғыз сезінген. Өркениеттен тыс қал­ғандай болған. Қазіргі уақытта теңіз түбіндегі Марианск шұңқыры АҚШ-тың әлемдегі ұлттық паркі әрі ең бағалы ескерткіштерінің бі­рі­нен саналады. Бұл жерге қазір тек қана туристер келеді. Жергілікті би­лік жағалауда суға түсіп, балық аулап, су астын барлауға тыйым сал­ған.
Әрине, біздің тілімізге тиек бо­лып отырған құбылыстардың бар­лығы да табиғаттың құдіретімен жа­салғаны ақиқат. Бірақ жер қа­зы­насын аяусыз алып, соның әсе­рінен пайда болған қазан шұңқыр­лар да бар. Енді оның жөні бөлек. Өйт­кені олар адамның қолымен жа­салған. Солардың бірі – Сібір жы­ралары. Сібірдің ну орман­да­рын­дағы осындай үш қазан шұң­қыр­дың диаметрі де әртүрлі: 15-тен 160 метрге дейін жетеді. те­рең­дігі – шамамен 50 метрден 200 метрге дейін. Бірақ оған жа­қын­дау мүмкін емес. Өйткені шұң­қыр­лардың жоғары шеті үсті-үстіне үгі­тіліп түсіп жатыр. Жақын­дау өте қауіпті. Тек оны жоғарыдан ғана тамашалап, көруге болады. Адам аяғы баспайтын қалың ор­манда бұл қайдан пайда болды? Бұл бел­гісіз күштердің әсері ме? Беймәлім жерасты өркениетінің ық­палы ма? Енді бұл болжам ақи­қатқа келің­кіремейді. Қалай айт­қанда да, же­расты пайдалы қаз­ба­ларын есеп­сіз алудың салдарынан пайда болған әрекет бұл. Аталған маңайға барлау жасап, зерттеген ма­мандардың соң­ғы байламы – осы. Бұл жерге қан­дай да бір астероид не­месе ме­теорит түскен жоқ. Демек Сі­бір жы­ра­лары немесе қазан шұң­қырлары адамзаттың тағылық әре­кетінен орын алған оқиға. Өйт­кені жерас­тынан алынған пайдалы қазба­лар­дың орнын артынан су­мен тол­тырып отыру керек. Көп жа­ғ­­дайда ол істелінбей қалады. Қай жер ол­қы бос тұр, сол жер опы­­рылып тө­мен түседі немесе газ қы­­сымына шы­дамай жарылады. Жо­­рамалды тұ­жырым – осы.
Бірақ жерасты пайдалы қазба­ларын іздеп жатып, ерте заманғы бағалы материалдарға кез болатын жағдайлар да кездесіп қалады. Ре­сейдің геологтары 1970-1994 жыл­дары ғылыми зерттеулер үшін жер шарындағы ең үлкен скважинаны қаз­ған. Бұл қазан шұңқырдың те­реңдігі 12 шақырымға дейін жет­кен. Соның нәтижесінде, Кольск ск­ва­жинасы пайда болды. Био­лог­тар 6700 тереңдікте бұдан 2 мил­лиард жыл бұрын өмір сүрген мың­даған ұсақ жәндіктің қаң­ғаларын тапқан. Бірақ барған сайын қысым күшейіп, ары қарай барлау мүмкін болмағандықтан, қа­зір бұл маңайға жақындауға бол­майды. Кольск сква­жинасының төңірегі қазір ме­талл шарбақпен қоршалып қойыл­ған.
Бұл ғана емес, осыдан ондаған жыл бұрын ресейлік ғалымдар Яма­ло – Ненец автономиялық округі маңайынан диаметрі 60-80 метр аралығында болатын қазан шұңқырға кезіккен. Оны да тікұ­шақ­пен ұшып бара жатқан ұш­қыш­тар мен геологтар байқап қал­­ған. Бірақ бұл техногендік апат­тан пайда болған нәрсе ме, жоқ әлде, ғарыштық дененің құ­лауынан болған тосын жайт па? Бұл жағы әлі мәлімсіз болып тұр. Ресейлік бірқатар БАҚ-тар «бұл –бөгде планеталықтардың әрекеті» деп баға беруге тырысқанымен, оған қатысты ешқандай да дерек пен дәлел жоқ. Бірақ бұл маңайға жа­қындау қауіпті болса да, алғаш­қы экспедиция кейіннен мәселенің жай-жапсарын анықтаған. Ресей ғылым академиясының Сібір бө­лімшесінің жетекші маманы Ма­рина Лейбман «Бұл жерде адам ба­ласының ізі жоқ. Алып метеорит құлады деуге де келмейді. Бірақ терең жыраның аяқ астынан пайда болғаны анық. Тек қана мұнда су жинақталған» деп пікір айтты. Кей­бір шетелдік БАҚ «Орыстар жа­пан далада жаңа қаруды сынап жа­тыр» деп жазғанымен, бұл да не­гізсіз күйінде қалды. Кейбір ма­мандар дәлел келтіргендей, «мұн­да жерасты жарылысы бол­ған» деген болжам ғана шындыққа сәйкес келетін сияқты.
Бірақ Украинада – 1546 метр­лік, Оңтүстік Африка Респуб­ли­ка­сында 3777 – 5000 метр аралығын­да­ғы терең қазан шұңқырлар бар. Бі­рақ олардың барлығы адамзат­тың қолымен жерасты пайдалы қаз­баларын алу мақсатымен жа­сал­ған. Ақырында қазан шұңқыр­лар­дың беті ашық қалып кеткен.
Бірақ табиғаттың өз құдіреті бер­ген сұлулыққа ештеңе жетпейді ғой. Адамзат тек әдемілікке сүйсіне қа­рап, тылсым дүниенің сырына қа­нығып өссе, таным да, жанашыр көз­қарас та кеңейеді. Тек айналаға, қор­шаған ортаға зиян келмеуін ті­лейік. Тылсым тіршіліктің сырын те­рең білуге ұмтылған дұрыс.

Берiк БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:


Загрузка...