Нью-Йоркте «йота» атты коронавирустың жаңа штамы анықталды

nju jorkte jota atty koronavirustyң zhaңa shtamy anyқtaldy abae256

Нью -Йоркте "йота" деп аталатын коронавирустың жаңа штаммы анықталды. Бұл туралы ресейлік БАҚ өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап.

Нью-Йоркте «йота» атты коронавирустың жаңа штамы анықталды

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Орал федералды округінің медициналық алдын алу жөніндегі маманы, медицина ғылымдарының докторы Сергей Токарев басылымға MedRxiv препаратының баспа порталындағы мақаласына сілтеме жасай отырып, коронавирустық инфекцияның жаңа штаммы туралы айтты. 

Токаревтың айтуынша, "йота" штаммының өлім көрсеткіші – 82 пайызға жетеді, әсіресе бұл 45 жастан асқан адамдар арасында және бұл басқа мутацияға ұшыраған түрлеріне қарағанда 25 пайызға тез таралады.

Токарев "йота" штаммының адамның иммундық көрсеткішімен санаспайтынын атап өтті. Бұл нұсқа басқаларына қарағанда патогенді және өте жұқпалы.

Медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков, "йота" штаммы туралы мәлімет қазіргі таңда өте аз екенін қосты. Оның таралу қабілеті туралы айтуға әлі ерте дейді ол.

"Егер ол өссе, бұл басқа штамм түрлерімен сәтті бәсекелесуге мүмкіндік беретін эволюциялық артықшылықтардың бар екенін білдіреді" , – дейді Крючков.

Ол коронавирус "дельта", "лямбда" және "гамма" сызықтары бойында мутацияны жалғастырады және соның әсерінен олардан жаңа штамдар пайда болады деп бағамдайды.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: