Баян Алагөзова: Әйелдің жаннаты күйеуінің табанының астында

bajan alagөzova Әjeldiң zhannaty kүjeuiniң tabanynyң astynda 1a79a62

Баян Алагөзова күйеуінің разылығын алған әйелдің жаннатқа кіретінін естігенде ашуланғанын айтады. Танымал продюсер мұны әйелдерге қатысты қорлау, кемсітушілік деп қабылдаған. Алайда ойлана келе бұл ойынан бас тартқан, деп жазады Stan.kz.

Баян Алагөзова: Әйелдің жаннаты күйеуінің табанының астында

Бұл туралы продюсер Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Кеше "әйелдің жаннаты күйеуінің табанының астында" деген тіркесті естіп, ашуландым. Сөзге таласып, бұл қорлық, кемсітушілік дедім. Талас ұзаққа дейін барды, мен пікірімді өзгерткен жоқпын. 

Бүгін таңғы ас кезінде көзім еріксіз күйеуімнің аяғына түсіп кетті (сондай әдемі). Жымиып, онда тұрған не бар екен дедім. Жұмақ соншалықты жақын тұрғанда, омыртқаны иілгіш етуге болады. 

  • Тұрсын Алагөзов: Мен Баянды сүйіп қалдым, онсыз өмір сүре алмайтынымды білген соң бәрінен бас тарттым
  • Баян Мақсатқызы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын беру үшін менен жылда 10 мың доллар сұрайды

Менің мақсатым көп, йогамен жаттығуды күшейту керек. Иілгіш дене, алғыр ақыл жаннатқа оңай жеткізеді. (мұның бәрі қалжың әрине, бірақ аз ғана бөлігі қалжың, қалғаны шындық)", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Мақсатқызының жазбасын қызу талқыға салды. Бірі – оның сөзді тікелей мағынасында түсінгенін айтса, ендігілері қолдау көрсетіп, түпкі ниеті түзу екенін жазған.

"“Әйелдің жұмағы күйеуінің разылығында, ер адамның жұмағы ата-ананың разылығы” деген сөзді айтқысы келді Баян Мақсатовна", "Сенің сөздерді прямой түсінетін құрбың", "Бұл сөз ислам дініндегі, шариғат бойынша айтылған. Ол мұсылман әйелдің, ерін тыңдап, құрмет тұтқаны үшін жұмаққа барады деген мағынада. Мағынасы өте терең!", "Жұмақ ананың табанының астында", – деп жазды олар.
 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: