Қазақстанда көмір, шикі мұнай және табиғи газ өндіру азайды

azaқstanda kөmir shiki mұnaj zhәne tabiғi gaz өndiru azajdy df5f1d9

Қазақстанда бір жылда көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда көмір, шикі мұнай және табиғи газ өндіру азайды

Бұл туралы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді. 

Статистика деректеріне сүйенсек, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда елімізде тамақ өнімдерінің, сусын, резеңке және пластмасса бұйымдарының, өзге де бейметалл минералдық өнімдерінің, химия және фармацевтика өнімдерінің, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірісі артты.

Керісінше, көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді.

"Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды", – делінген ақпаратта.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда 49,7 млн тонна мұнай, газ конденсаты (96,6 пайыз), 71,6 млн тонна мыс кендері (123,2), 1,8 млн тонна ұн (102,4), 2,7 млн тонна бензин (107,7), 2,9 млн тонна газойльдер (дизельдік отын) (109,0), 66,1 млрд кВт сағ электр энергиясы (120,2 пайыз) өндірілді.

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: