Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеді

Қазақстанда коронавирустың таралу индексі 9 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеді

"1 тамыздан бастан Қазақстандағы коронавирустың таралу индексі 9 пайызға, 1,11-ден 1,01-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласында көрсеткіш 1-ден, ал Алматыда R саны 19 пайызға төмендеді. Күнделікті мониторингке сәйкес өңірлер шегіндегі төсек-орын жүктемесі осы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша 328 медициналық нысанда 55 658 инфекциялық төсек-орынды құрайды. Республика жойында жүктеме 54 пайызды құрап отыр. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орын саны 4 969-ды құрайды, жүктеме 45 пайыз", - деді министр.

Оның атап өтуінше,елдегі эпидемиологиялық ахуал ушыққан жағдайға әзірленген тағы 7 419 инфекциялық төсек-орын бар.

"Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында – 69 пайыз, Ақтөбе облысында – 65 пайыз, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында - 63 пайыз", - деді Алексей Цой.

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888