Төреғалидің жары мамандығы мен болашаққа жоспары жайлы айтты

tөreғalidiң zhary mamandyғy men bolashaққa zhospary zhajly ajtty 3ae734e

Төреғалидің жары мамандығы, хоббиі мен болашаққа жоспары жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Төреғалидің жары мамандығы мен болашаққа жоспары жайлы айтты

Толқын Тұрарбекқызы – бүгінде бес бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Алайда еліміздегі беделді оқу орындарының бірін бітірген. Ол мамандықды адамның жаны қалауы тиіс деген пікірмен келіседі.

"ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар магистрімін! Мамандық таңдауда, адамның жанына ұнайтын, кейін жұмыс жасағанда рахаттанып істейтіндей болу керек! Сонда жұмысты табыс табу үшін емес, өзіңіз үшін істейтін боласыз! Ал шын пейілмен істелген кез-келген жұмыс міндетті түрде жемісті болады!" – деп бөлісті ол Instagram Stories-те.

Толқын қандай қызығушылықтары бар екенін де айтты.

"Мектеп қабырғасынан бастап домбыра тартып, ән айтқанды, өлең шығарғанды ұнатамын! Кітап оқу әдет болып кеткен. Құранды толық жаттағым келеді! Қазіргі кездегі сүйікті ісім – Құран оқу", – деді ол.

Сондай-ақ, Төреғалидің жары болашаққа жоспарымен бөлісті.

"Бұйырса PhD-ге түскім келеді. Бір жерде жұмыс жасау үшін емес, өзімді дамыту үшін алғым келеді білімді. Балаларыма дұрыс тәрбие беріп, білімді сіңіру үшін де тоқтаусыз дамығым келеді. Ал жұмысым үйімнің ұйытқысы болуыма кедергісін келтірмейтін кәсіп босла деймін. Қазіргі уақыттың мүмкіндігі шексіз. Тек қаласаңыз болғаны", – деп жазды ол.

Жақында бесінші сәбиін дүниеге әкелген Толқын бала тәрбиесіне қатысты ойын айтты.

"Балаларыма мейірімді төгіп, жүректеріне иман ұялатқым келеді. Бала шалалығын жасайды, ол да уақытша екенін ұмытпау керек. Сондықтан бәрін түсіндіруге тырысамын", – дейді Төреғалидің жары.

 
 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: