Қостанай облысында екі жасар нәресте тереңдігі 3,5 метр құдыққа құлап кетті

Баланың ол жерде қалай жалғыз жүргені анықталып жатыр. Қостанай облысында әлі екі жасқа толмаған нәресте су құдығына құлап кеткен. Бала жер бетінен 3,5 метр тереңдікте болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында екі жасар нәресте тереңдігі 3,5 метр құдыққа құлап кетті

Кешкі алты жарым шамасында құтқарушыларға Садчиковка ауылында баланың су құдығына құлап кеткені туралы хабарлама келіп түседі. Жағдайды бағалағаннан кейін, Солтүстік аэромобильді отрядының құтқарушылары құдыққа параллель күрекпен шұңқыр қазуды бастайды. Сонымен қатар, олар ілмек жасап, қармақтың көмегімен баланың көрінетін қолына түйінді бекітіп, одан әрі құлап кетпес үшін жағдай жасаған.

"Баланың орналасқан жерінен төмен тереңдікте шұңқыр қазып, олар арқан байланған шелегімен топырақты сыртқа шығарып, баланың өзіне қарай тікелей қазуды бастаған. Олар балаға жетіп, құтқарушылар оны босатуға кедергі келтіретін қуыстан қазып алып, жердің бетіне алып шықты" ,- дейді Солтүстік РАОСО бастығының орынбасары Сергей Шмидт.

Баланың бұл жерде қалай жалғыз қалып қойғаны әлі белгісіз.  

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар