Мұқағали Мақатаевқа арнап қойылған ескерткіш қоғам арасында дау туғызды

mұқaғali maқataevқa arnap қojylғan eskertkish қoғam arasynda dau tuғyzdy 010800d

Кейбір блогерлердің айтуынша Алматы облысында ақын Мұқағали Мақатаевқа арнап қарапайым стандартқа сәйкес келмейтін ескерткіш орнатылған. Алматы облысымен шекаралас Нарынқол ауылында Мұқағали Мақатаевқа ескерткіш орнатылды. Биіктігі 7,5 метр болатын қоладан жасалған ескерткіш мүсіннің пропорциясына байланысты көптеген даулар тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұқағали Мақатаевқа арнап қойылған ескерткіш қоғам арасында дау туғызды

Ескерткішті орнату Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орайластырылғаны айтылуда. Алайда, әлеуметтік желілерде кейбір қазақстандықтар мүсінші Қадырхан Кәкімов адамның стандартты пропорциясын ескермеген, сол арқылы ұлы ақынның шын бейнесін қоладан көрсете алмады деп есептейді.

"Мұқағали ескерткішінің осындай "мойыны қысқа" және "үлкен басты" оспадарсыз кейпін қалай мақұлдап онымен қоймай бекітуге болады? Сонда 62 миллион теңге неге жұмсалды?" – деп блогерлердің бірі Алматы облысының басшылығынан сұрады.

Ескерткішке жұмсалған қаражаттың көлемін Райымбек аудандық әкімдігі растады. Департамент мүсінді орнатуға 61 миллион 826 мың теңге жұмсалғанын түсіндірді. Белгілі болғандай, ескерткіш бойынша жұмыстарды Қазақстанның құрметті сәулетшісі Ақмырза Рүстембеков пен танымалдығы одан кем емес мүсінші Қадырхан Кәкімов жүргізген.

"Халықтың соңғы пікірлерін ескере отырып, қазір арнайы комиссия құрылды. Олар Нарынқолға келіп, бәрін тексереді және өз бағасын береді, ол туралы қосымша хабарлайтын боламыз" ,- деді Райымбек облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қадыржан Сабырақын.

Естеріңізге сала кетейік, Мұқағали Мақатаев – қазақ, кеңес ақыны және жазушысы, аудармашы. 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Хан-Тәңірі шыңының етегінде орналасқан Қарасаз ауылында дүниеге келген. А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. "Өмір – аңыз", "Өмір – өзен", "Моцарттың реквиемі", "Таңдаулылар" кітаптарының авторы. Оның өлеңдеріне жазылған "Сарыжайлау" әні халықтық әнге айналған. Ол орыс классиктерін, шетел әдебиетін, оның ішінде Уолт Уитменді, Дантестің "Құдіретті комедиясын" қазақ тіліне аударған. Оның есімі Абай, Әуезов және басқа қазақ әдебиетінің классиктерінің есімдерімен қатар аталады. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.     

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: