Жамбыл облысында карантин кезінде мерейтойын атап өткен әкім жазаланды

zhambyl oblysynda karantin kezinde merejtojyn atap өtken әkim zhazalandy 7b67b71

Жамбыл облысында өз мерейтойына қатысқаны үшін аудан әкімі жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысында карантин кезінде мерейтойын атап өткен әкім жазаланды

Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасовтың карантиндік шектеулер кезінде өзінің 60 жылдығын тойлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Ашық дерек көздерден алынған мәліметтерге сәйкес, Қазанбасов 1961 жылы 16 шілдеде туған.

"Қазанбасовтың айтуынша, мерекелік іс-шараны оның туыстары ұйымдастырған. Аудан әкімі мерейтой туралы сол жерге келген кезде білген. Құттықтауларын тыңдап, үйге қайтқанын айтты. Оның айтуынша, бұл шараға тек жақын туыстары ғана қатысқан, барлығы 38 адам болған", – деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

27 шілдеде Қазанбасов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ 3 тамызда Бақыт Қазанбасов қатаң сөгіс алды.

Сен кінәлісің: Оралда босанған сәтте баласынан айырылған әйелді күйеуі ұрып-соғып тастады

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: