23 жасымда алғашқы көлігімді алдым: Тұрсын Алагөзов бизнесінің жүруіне кімдер көмектескенін айтты

23 zhasymda alғashқy kөligimdi aldym tұrsyn alagөzov biznesiniң zhүruine kimder kөmekteskenin ajtty d52cb83

Тұрсын Алагөзов жастайына бизнеске араласқан. Ең алғаш 23 жасында өзіне көлік алған. Ал бизнесінің жүруіне қытай тілі мен қытайлар көмектескенін жасырмайды. Әскерде жүріп қытай тілін үйренген жігіт қытай тілін ғана, емес олармен қалай тіл табысуды да қатар үйренген екен. 

23 жасымда алғашқы көлігімді алдым: Тұрсын Алагөзов бизнесінің жүруіне кімдер көмектескенін айтты

Бұл туралы Алагөзов “100 сұхбат” бағдарламасында айтты.

Тұрсын Алагөзов 1988-1989 жылдар аралығында әскерге аттанады. Әскердегі екі жылда қытай тілін қатар үйреніп шығады. Бұл кейінгі өмір жолында қытайлармен әріптестік орнату үшін керек болған. 1992 жылдан бері қытайлармен келісіп, бизнесті қолға алған. 

“Мені әкем әскерге жіберді. Әскерде қытай тілін үйрен деді. Солай үйрендім. Қытайлармен 1992 жылы бизнесті бастадық. Солай бизнеске араласып кеттім. Мен ол кезде жұмыстан басқаны көрген жоқпын. 23 жасымда ең алғаш Mitsubishi Pajero көлігін сатып алдым. Менің бағымды қытайлар ашты десем де болады”, – деді кәсіпкер.

Бизнесмен осылайша отбасын, өз басын қамтамасыз етіп келді. Ал Баян Мақсатқызы әлі күнге дейін анасын өзі асырап отыр.

“Маған әлі күнге дейін Баян ақша береді. Киім алып береді. Керектің бәрін алып береді. Ақша керек кезде ақша береді. Қыздарымның бәрін жақсы көрем. Бәрін қаталдықпен үйреткенім рас. Бірақ немерелеріме қатал емеспін. Себебі олардың өз ата-анасы бар. Мен тек еркелетемін”, – деді Баян Мақсатқызының анасы Гүлжамал Мұхитденова.

Гүлжамал Мұхитденованы отбасында бәрі “Бабася” деп атап кеткен. 

“Мені бәрі Бабася дейді. Бұрын күйеуімді атасы, атасы деп атайтынмын. Атасы мені апасы дейді. Содан немерелерім үшін ол бабася болып кетті. Бәрі үшін Бабасямын”, – дейді ол. 

Тұрсын Алагөзов екінші әйелі Баян Мақсатқызымен күнделікті мейрамханадан кешкі ас ішіп, ал жатар алдында күнделікті шарап ішетінін айтты. 

“Тұрсын екеуміз күнде шарап ішеміз. Мен шарап ішкенде әңгімешіл болып кетемін. Оған менің әңгімелерім ұнайды”, – деді продюсер. 

  • Баян Мақсатқызы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын беру үшін менен жылда 10 мың доллар сұрайды
  • Тұрсын Алагөзов: Мен Баянды сүйіп қалдым, онсыз өмір сүре алмайтынымды білген соң бәрінен бас тарттым

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: