Маңғыстауға жем-шөп сатып алуға тағы 5,3 миллиард теңге бөлінеді

maңғystauғa zhem shөp satyp aluғa taғy 53 milliard teңge bөlinedi 4dd1dac

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев биыл жаздай құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына жем-шөп сатып алу үшін 5,3 миллиард теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маңғыстауға жем-шөп сатып алуға тағы 5,3 миллиард теңге бөлінеді

Оның айтуынша, бұл мәселе болған кезде үкімет резервінен 1,9 миллиард теңге бөлінген.

“Ол қаражат жеке қосалқы шаруашылықтар арасында – 40% және шаруа қожалықтары арасында 60% үлестіріле бастады. Оларға арзан бағаға мал азығын сатып алуы үшін ақша беріледі. Қазір қосымша 5,3 миллиард теңге іздестіру мәселесі пысықталып жатыр", – деді Ербол Қарашөкеев.

Қаражат Маңғыстау облысының жергілікті бюджетінен бөлінеді деп болжанып отыр. 

Министрдің міндетін атқарушы Маңғыстау облысында үлкен шабындық және жайылым жерлері жоқ екенін айтып өтті.

  • Маңғыстауға 30 тонна шөп жіберген қазақ қызы: Ең сорақысы біздің билік бұл мәселеге көз жұмып отыр
  • Еуропалық одақ Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге 200 мың еуро бөлді

"Маңғыстау облысы – шөл дала, сондықтан қазір жергілікті атқарушы органдар мен ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші міндеті – қыста бұл маңда шөптің жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Сондықтан бұл 5,3 миллиард теңге шөпті алдын ала келісілген баға бойынша Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан сатып алуға бағытталады. Аудандарға бөледі", – деді Қарашөкеев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, шаруалар қыс кезінде шөп жетіспеушілігі мәселесіне тап болуы мүмкін.

"Қыркүйектен кейін бұл жем болмауы да мүмкін. Олар жемді сатып алады, Маңғыстау облысына тасымалдайды және осы азықты өздерінде сақтайды. Қажет болған жағдайда қыс кезінде қандай да бір елді мекенде, жекелеген шаруа қожалықтарында жем-шөп жетпейтіндей жағдай туындаса, қолжетімді болуы қажет", – дейді министрдің міндетін атқарушы.

Айта кетсек, Маңғыстау облысында құрғақшылық пен жем-шөп болмауынан 3 мыңға жуық мал қырылды.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: