БҚО тұрғыны 65 жастағы анасын өлтірді деп күдіктелуде

bҚo tұrғyny 65 zhastaғy anasyn өltirdi dep kүdiktelude 0d6c7cc

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 61 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап. 

БҚО тұрғыны 65 жастағы анасын өлтірді деп күдіктелуде

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ер адам тәртіп сақшылары қайтыс болған әйелдің денесін тапқан соң жедел іздестіру кезінде қолға түскен.

"Барлық қызметкерлерге ескерту берілді, іздестіру шаралары жарияланды. Күдікті өлтірілген әйелдің 35 жастағы ұлы болды, ол шындықты жасыруға тырысты, тергеуді адастырды. Күдікті мен анасының арасында жанжал болған. Ол анасына дене жарақатын келтірген. Нәтижесінде әйел көз жұмды", – деп ктүсіндірді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 3-бөлігінің 106-бабы "Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Полиция тергеу аяқталғаннан кейін толық ақпарат беруге уәде берді.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: