«Аяқасты жинап алды»: Назарбаев нұротандықтармен не туралы ақылдасты?

Назарбаев нұротандықтарды аяқ астынан жинап алды?

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы өңірлік филиалдар өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізіп жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы өңірлік филиалдар өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізіп жатыр»,- деп жазды ол.

"Аяқасты жинап алды": Назарбаев нұротандықтармен не туралы ақылдасты?

«Елбасы өз сөзінде партия өкілдеріне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында жиналу керек екенін айтты. Саяси бағыт-бағдардың сабақтастығы сақталуы керек деді», – деп жазды Үкібай.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті ретінде өкілеттігін тоқтатқан соң Nur Otan партиясының төрағасы болып қалды.

Елбасы қазан айында партия депутаттарының жұмысын сынға алған болатын. Ол депутаттардың соңғы айларда бірде-бір қоғамдық резонанс тудырған мәселеге қатысты пікір білдірмегенін айтты. Бұған дейін Назарбаев үкімет мүшелері, Nur Otan мен мәжілістегі партия фракциясына мәжіліс сайлауына жаңа сайлауалды бағдарлама әзірлеуді тапсырды.