Өскеменде 14 жастағы қыз жоғалып кетті

Өскемен қаласында 14 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өскеменде 14 жастағы қыз жоғалып кетті

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жәнерке Қанапиянова осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен. Үйден дүкенге шығып кеткен жасөспірім сол күйі қайтып оралмады.

"8 тамызда полицияға қоңырау шалған әйел адам 14 жастағы қызының із-түссіз жоғалғандығын хабарлады. Әл-Фараби даңғылы 26/1 мекенжайынан сыртқа шығып кеткен жасөспірімнің қайда екендігі әлі күнге дейін белгісіз. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жәнеркенің үстінде ақ жейде, қара шалбар және қызыл кроссовка болған. Оны көрген немесе қайда екендігі жайлы қандай да бір мәліметі бар азаматтар 8(777)169-64-66 нөміріне немесе "102" жедел арнасына қоңырау шалуларына болады.

 

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888