Қазақстан Олимпиададан неге алтын ала алмады: Мамандар айтып берді

azaқstan olimpiadadan nege altyn ala almady mamandar ajtyp berdi 53897a1

Токиодағы 32-жазғы олимпиада ойындары біздің ел үшін сәтсіз болды. Өйткені, Қазақстанның қоржынында күміс те, алтын да болған жоқ. Неге біздің ел бас жүлдесіз қалды және қандай қорытынды жасау керектігін мамандар айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қазақстан Олимпиададан неге алтын ала алмады: Мамандар айтып берді

Әлемдік додада біздің спортшылар сегіз қола медаль жеңіп алды.

“Біз дәстүрлі түрде әр Олимпиада ойындарында алтынсыз қайтпайтынбыз. Үнемі спортшыларымызды әуежайдан қарсы алып, аспанға көтеретін едік. Осы жолы алтынға ие бола алмай, қола медальдарды місе тұттық. Барлығы алтын күткен еді. Мүмкін, жаттықтырушылар тобы мен жаттығу процесін жоспарлаған мамандар кейбір нәрселерді назардан тыс қалдырған шығар”, – дейді спорт шолушысы Азамат Ашимов. 

Әр түрлі пікірлер бар. Олар спортшылардың шаршауынан бокс сияқты дәстүрлі спорт түрінен де бірінші орындарды алмадық дейді. Олардың пікірінше спортшылар олимпиадаға әбден шаршап барған. 

“Біз федерацияны спортты жақсы көретін адамдардың қолына беруіміз керек. Демеушілерге барып, спортшылардың мәселелерін шешіп, жүгіретін адам қажет. Бұл іспен әр спорттың ерекшелігі мен қажеттілігін білетін мамандар айналысқаны жөн. Ақордада отырып алып, жаттықтырушыларды жылына екі рет қана қабылдайтын адамның қажеті жоқ”, -дейді спорт шолушысы Данияр Кәріпжанов. 

  • Олимпиада жүлдегері Нұрислам Санаевқа жаңа BMW көлігінің кілті табысталды

  • "355 мың теңге": Олимпиададағы Қазақстан құрамасы киген форманың бағасы елді шошытты

Спорт сарапшылары да, қоғам қайраткерлері де жүйелі өзгерістер қажет деп санайды. Халық үшін Олимпиадада жеңіске жетудің маңызы зор дейді мамандар. 

“Олимпиаданың маңызы зор. Олимпиада ұлттық рухты көтеретіндіктен, одеңіс халықты біріктіреді. Путин мен басқа мемлекет басшыларының спортқа үлкен мән беруі тегін емес. Өйткені олар спорт – халықтың рухы екенін біледі”, – дейді қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан. 

Спорт сарапшылары бұл сәтсіз өткен Олимпиада ел басшылығының назарынан тыс қалмайтынына сенімді. Ең алдымен қорытынды шығарып, кадрлық өзгерістер жасалады деп күтуде. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: