Зияткерлік мектеп ашқан қазақстандық әйел бизнесін тартып алғандарға шағымданды

zijatkerlik mektep ashқan қazaқstandyқ әjel biznesin tartyp alғandarғa shaғymdandy 58e6753

Алматыдан Сарыағашқа келіп, зияткерлік мектеп ашқан Айгүл Керейбаева өзіне тиесілі оқу ордасын өзгелер заңды белшесінен басып тартып алғанын, ал өзін көгала қойдай сабап тастағанын шошына айтады. Сөзінше, 2017-2018 оқу жылында негізі қаланған оқу ордасына өзі құрылтайшы болған. Бірақ кейіннен сенімге кірген айналасындағы екі әйел жыл өтпей жатып құжаттарды бұрмалап, табалдырықтан аттатпай қойған. Рейдерлікті бір, таяқ жегенін екі дәлелдеп, мектепті басқа ғимаратқа әзер көшірдім дейді жәбірленуші. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зияткерлік мектеп ашқан қазақстандық әйел бизнесін тартып алғандарға шағымданды

Сарыағаш қаласындағы ғимаратты жалға алдым деген Айгүл Керейбаева лицензия алып, "High schoolf of Saryagash" зияткерлік мектебін ашқанын айтады. Балаларды қабылдап, дәріс басталған. Ал сенімге кірген жергілікті екі ұстаздың бірін мектеп басшысы, екіншісін орынбасары етіп қызметке қойдым деп отыр. Мектептен өзге бизнесімен жүріп, екі-үш айға шетелге барып келгенім сол еді, әлгі екі әйел мектептің жаңа құрылтайшылары болып шыға келген, дейді ол. Сөзінше, өзі негізін қалаған білім ордасына кіргізбей, сабап тастағаны жанына батқан.

“Мен бала-шағама мектепті көрсетпек болып келгенімде, Қойайдарова жалдаған мектеп қызметшілері мені жұдырықтап ұра бастады. Балам жәрдемге ұмтылды. Оны да жаралап, ұрып-соқты. Басын көліктің капотына бірнеше рет соқты”, – дейді Зияткерлік мектеп құрылтайшысы Айгүл Керейбаева. 

Осыдан кейін Айгүл полиция шақырып, өзін төпелегендерді әкімшілік жазаға тартқызған. Ал рейдерлік бойынша қозғалған қылмыстық іс бір жылдай созбалаңға салынып, алдымен аудандық, кейін облыстық полиция тергеп, соңғы нүктені экономикалық тергеу қойды деп отыр. Қазір іс сотқа өтіпті. Рейдерліктен бөлек, мектептің мүлкін ысырап еткен дерек те тергеліп жатыр екен. Ол жөнінде ұстаздар жағының да айтары бар көрінеді.

“Наурыз айынан бастап карантин болған соң, толықтай айлығымызды төлеген жоқ. Келісімшартта көрсетілген айлығымыз басқаша да, ал қолымызға төлегені басқаша айлық болып отырды”, – дейді Зияткерлік мектебінің мұғалімі Нұргүл Бостанова. 

Ұстаздар жағы пандемия тұсындағы 42 500 теңгені де алмадық, кейін тексеру барысында басшылық алып қойғанын білдік дейді.

Айыпталушы тарап ұрды деген әкімшілік іске аппеляциялық шағым бергенін, ал рейдерлік іс экономикалық сотта қаралып дәлелін таппағанын айтады. Ал Сарыағаш аудандық соты аталмыш екі әйелге қатысты іс сотқа түскенін жеткізді. 

“Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 249 бабының 2 бөлігінің 1-ші, 2-ші тармағына қатысты қылмыстық іс екі азаматшаға қатысты сотқа келіп түсті”, – дейді Сарыағаш аудандық сотының судъясы:  Нұржан Жұмабаев.

Судъя екі азаматша да ешқайда кетпеу қолхатымен бостандықта жүргенін, іс алдағы күндері қаралатынын айтты. Ал салық органдары болса, зияткерлік мектептерінен жергілікті бюджетке айына 300 мың теңге көлемінде салық түсетінін жеткізді.   

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: