Баян Мақсатқызы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын беру үшін менен жылда 10 мың доллар сұрайды

bajan maқsatқyzy Қazaқstannyң eңbek siңirgen қajratkeri ataғyn beru үshin menen zhylda 10 myң dollar sұrajdy 7e5ad14

Баян Алагөзова Қазақстанда еңбек сіңірген қайреткері атағын алғандардың бәрі өз еңбегімен жеткен адамдар емес деген ойын айтты. Продюсер жауапты адамдардың жыл сайын осы атақты ақшаға сатып алуын сұрайтынын жасырмады. Алайда ол атаққа ақшамен емес, әділдікпен жетпек. 

Баян Мақсатқызы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын беру үшін менен жылда 10 мың доллар сұрайды

Бұл туралы Баян Мақсатқызы Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты. 

“Жанар Дұғалова Türkvizyon 2014 ән байқауының жеңіп алған соң  Қазақстанда еңбек сіңірген қайреткер атағын алды. Сенде әлі ондай атақ жоқ. Сенің емес, сенің шәкіртіңе осылай құрмет көрсеткеніне ренжімедің бе? Бізде Мәке, Сәке, Бәкенің көмегімен бәрінің шешілетінін өзің де білесің”, – деп сұрады Динара Сәтжан. 

Баян ханым Қазақстанда атақтың өзі ақшаға сатылатынын мойындады. 

“Жоқ, мен бұндайға назар аудармаймын. Мен “Егер сенде бірнәрсе жоқ болса, сен оған әлі лайық емессің” деген принциппен өмір сүремін. Жанар алды, соған лайық болған шығар. Мен алмадым, мен оған лайық болмаған шығармын. Ол үшін кімге ренжимін. Мен бұл атақтың қалай келетінін білемін. Себебі, жыл сайын менен 10 доллар ақша сұрайды. Бастапқыда 10 мың доллар болатын. Қазір 5 мың доллар екен. Солай атақты болып шыға келесің. Мен 20 жыл осы саладаа жұмыс істедім. Сөйте тұра мен оларға ақша беруім керек екен. Менде 5 мың да, 10 мың доллар да бар. Бірақ мен оны ешқашан сатып алмаймын. Маған ақшаға келген атақ керек емес. Мен оны әділ жолмен аламын. Сатып алғандардың бәрі өз ішінен оған лайық емес екенін біледі. Біреуі сатып алады, бірі жалынып, аяғына жығылып, не таныстар арқылы келісіп алады. Маған ондайдың бірі де керек емес”, – деді Мақсатқызы. 

  • Тұрсын Алагөзов: Егер балаларым менімен сөйлеспесе, ол үшін мен кінәлі емеспін
  • Тұрсын Алагөзов: Мен Баянды сүйіп қалдым, онсыз өмір сүре алмайтынымды білген соң бәрінен бас тарттым

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: