Өкпе «жыртылып кетеді»: Дәрігер COVID-пен ауырғанда науқастар жіберетін басты қателікті атады

kpe zhyrtylyp ketedi dәriger covid pen auyrғanda nauқastar zhiberetin basty қatelikti atady 6b1b565

Нұр-Сұлтандағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жұқпалы аурулар госпиталіне науқастар күн сайын жеткізіледі. Бөлім меңгерушісі Павел Останин коронавирус жұқтырған науқастардың санитарлық талаптарды елемеуі қандай жағдайға жеткізетінін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өкпе "жыртылып кетеді": Дәрігер COVID-пен ауырғанда науқастар жіберетін басты қателікті атады

"Біреу үйінде соңғы демі таусылғанша емделіп жата береді. Енді біреуі жүре берсем "жазылып кетемін" деп ойлайды. Түптеп келгенде жағдай қандай болып жатыр?! Ақырында сатурациясы 40 болып, ауруханаға ес-түссіз түседі. Ондай науқасты қалай емдейсің? Қолымыздан келгенше тырысамыз, соңына дейін күресеміз. Дәл қазір бұрыннан ауырып жүрген, бірақ жаңадан түскен пациенттер бар. Жансақтау бөлімінде орташа есеппен 21 күндей жатады. Ем оң нәтиже беретін мерзім шамамен 50 күн", — дейді дәрігер Останин.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін жұқпалы аурулар госпиталінен мыңнан астам науқас емделіп шыққан. Алайда медицина қызметкерлерінің жұмысы азаймай отыр. Себебі жазылып шығатындардың орнына ауыр жағдайда түсетіндер көп. Жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған адамдар таза ауамен қиналмай дем алуды армандайды.

  • "Коронавирус – Құдайдың адамға жіберген жазасы": Ресейлік имам көптің көкейіндегі сұрақтың жауабын айтты 
  • "Қосымша синдромдар басталады": Дәрігер коронавирустан кейінгі қауіп туралы айтты

"Басты проблема — жазда пациенттер көп. Адамдар бір-бірімен жақын араласады, әлеуметтік қашықтық сақталмайды. Жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылмағандар ешнәрсе әсер етпейтіндей жүреді. Сол сияқты вакцина адамды өлтіреді деп есептейтін антиваксерлер де қиналып жатыр. Ал аппаратқа таңылғандардың жағдайы бір. Антиваксерлер ауыр күйге түскеннен кейін ғана ақ пен қараның аражігін ажыратып жатады. Өкпе шыдай алмай, кәдімгідей "жыртылады", — дейді жансақтау бөлімінің басшысы.

Дәрігердің айтуынша, бұрын коронавирусқа шалдыққандардың өкпесі ғана зақымданса, қазір асқазан-ішек жолдары мен жүйке жүйесінің бұзылуы жиі байқалады. Бұның бәрі дельта-штамға тән көріністер.

"Қазір 256 пациент жансақтау бөлімінде жатыр, ал жасанды тыныс алдыру аппаратына 43 адам қосылған. Вакцина өзіңіздің ғана емес, жақындарыңыз бен айналадағы адамдардың денсаулығын қорғауға да мүмкіндік береді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана қала карантинге дейінгі тіршілікке орала алады", – деді Останин.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: