«Бүкіл әлемде осындай жаза қолдану керек»: Шетелдіктер Қазақстандағы педофилдерді кастрациялау туралы жарыса жазды

bүkil әlemde osyndaj zhaza қoldanu kerek sheteldikter Қazaқstandaғy pedofilderdi kastracijalau turaly zharysa zhazdy ae16774

Шетелдік басылымдардың бірінде Қазақстанда химиялық кастрация жасалып жатқан сотталған педофилдер теледидардан кешірім сұрап, өздерінің қалай қиналып жатқанын айтқаны туралы жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүкіл әлемде осындай жаза қолдану керек": Шетелдіктер Қазақстандағы педофилдерді кастрациялау туралы жарыса жазды

Басылымның жазуынша, бұрын Кеңес Одағына кірген мемлекеттердің барлығы балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қатаң жаза қолдануда.

“Қазақстанда химиялық кастрация тұрақты инъекция арқылы жүзеге асырылады. Педофил түрмеде жазасын өтегеннен кейін де оны инъекция арқылы кастрациялау жалғасады.  Бала зорлағандардың бірі инъекциядан кейін "қатты ауыратынын" айтып берді. Ол мұндайды жауына да тілемейтінін айтты. Педофильдер кастрация туралы "Бұл біздің ағзамызға зиян екенін, болашақта денсаулығымызға әсер етеінін білеміз” деген пікір білдіріп, кастрацияға қарсы екендерін жеткізді. Олар педофильдерге кастрация жасау шешімін өзгертуді сұраған”, – деп жазды басылым. 

Өз кезегінде еліміздегі педофилдерді кастрациялау мәселесіне қатысты шетелдіктер пікір білдірді. 

“Сонда оларға жасалып жатқан кастрация балаларға құштарлықты тоқтату үшін бе? Менің ойымша керісінше, кастрация жасаған сайын, педофилдердің балаға деген құштарлықтары арта түседі”, “Кастрация жасаған көмектеспейді. Педофил өмір бойы педофил болып қалады”, “Химиялық кастарция педофилдердің балаларға тиіспеуіне әсер етпейді. Оларға кастрация жасаудың орнына бір жерге қамап қойып, күні бойы қинау керек”, – деп жазды бірі. 

Алайда шетелдіктердің ойы екіге жарылды. Пікір білдіргендердің басым көпшілігі мұндай әдісті бүкіл әлем бойынша қолдануды ұсынған. 

“Мұндай оңбағандарға өз ойын айтуға мүмкіндік берілген бе? Менің ойымша, бұлардың тіпті тыныс алуға құқығы жоқ”, “Педофилдер кастрацияны адам шыдай алмайтындай қиын деп отыр. Алайда олар өздері балалардың өмірінде, психологиясында ауыр із қалдырғанын түсініп тұрған жоқ. Менің химиялық кастрациядан өтіп жатқан педофилдерге жаным ашып тұрған жоқ. Жазасын көтере алмасаңдар, неге қылмыс жасайсыңдар”, “Балаларға жасаған зұлымдықтарының жанында, педофильдердің көріп жатқаны түк емес. Менің ойымша, мұндай тәсілді бүкіл әлемде қолдану керек”, – деп пікір білдерді шетелдіктер. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: