Freedom Holding Corp. үш айдың ішінде $52 млн таза пайда тапты

freedom holding corp үsh ajdyң ishinde 52 mln taza pajda tapty 45bbb80

Компания 2021 жылғы 30 маусымда аяқталған 2022 қазыналық жылғы бірінші тоқсанның қаржы нәтижелерін ұсынды.

Freedom Holding Corp. үш айдың ішінде $52 млн таза пайда тапты

"Холдинг түсімі үш айдың ішінде $124 млн және сәйкесінше $56 млн құрайды. $68 млн-ға немесе 120%-ға өсті, көбінесе тоқсанның комиссиялық кірісі 125%-ға немесе $54 млн-ға, $97 млн дейін өскендіктен ұлғайтылды. Сондай-ақ пайыздық кіріс 325%-ға немесе $14 млн-ға, $18 млн дейін өскендіктен ұлғайтылды. Бұдан бөлек, 2021 жылғы және 2020 жылғы 30 маусымда аяқталған үш айдың ішінде: таза пайда $52 млн-ға және сәйкесінше $24 млн-ға, ал 59 және 58 млн данаға акциялардың орташа өлшемді санына қарай есептелген акция табысы $0,87-ға және $0,42-ға жетті" – деп Freedom Holding Corp-та атап өтті.

Сонымен бірге, басқа да жиынтықты кіріс $55 млн және сәйкесінше $33 млн құрады.

Холдинг шығысы мына себептерге байланысты $39 млн-ға немесе 142%-ға ұлғайды:

– клиенттер саны мен олар жасайтын мәміле көлемі артқандықтан комиссия шығысының $12 млн-ға өсуі;

– пайыздық шығыстың $11 млн-ға ұлғаюы көбінесе банктік шоттарда клиент қалдықтарының пайыздық шығысының өсуіне, бағалы қағаздар бойынша РЕПО келісімдері арқылы тартылған қысқа мерзімді қаржыландыруға байланысты шығыстың өсуіне байланысты;

– операциялық шығыстың $16 млн-ға ұлғаюы көбінесе холдинг қызметкерлерге ие болу және жалдау арқылы қызметінің кеңеюі нәтижесінде жалақы шығысының өсуіне байланысты.

"Жаңа қазыналық жыл оң серпінмен басталды. Ашылған шоттардың саны бүкіл елде өсіп келеді. Үш айда біз тағы 40 мың жаңа шот аштық. Біздің негізгі қаржы көрсеткіштеріміз де өсіп келеді. Біз холдингтің түсімі мен таза пайдасының өткен жылғы ұқсас тоқсанмен салыстырғанда екі еседен астам көрсеткішке өскенін көріп отырмыз. Бұдан бөлек, S&P агенттігі "Фридом Финанс" ИК-ның және "Фридом Финанс" АҚ-тың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілерін "B-" деңгейден "B" деңгейге арттырды, сондай-ақ, Freedom Finance Europe Ltd. және Freedom Finance Global PLС компанияларына "B/B" деңгейлі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер эмитентінің рейтингісін берді. Сол арқылы, топтың бірден төрт брокерлік компаниясына әлемдегі ең беделді рейтингтік агенттіктердің бірі бағасын берді, яғни холдингтің дамып жатқаны халықаралық деңгейде мойындалғанын білдіреді", – деп атап өтті Тимур Турлов СЕО Freedom Holding Corp. 

Компанияда 2021 жылғы маусымдағы деректер бойынша 330 мыңнан астам клиенттер шотының ашылғаны атап өтті. Бұл 2021 жылғы 31 наурыздағы клиенттер шотының санымен салыстырғанда 40 мыңға немесе 14%-ға көбірек.

Freedom Holding Corp. бұл – өзінің еншілес Freedom Finance компаниялары арқылы қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларын, инвестициялар мәселелері бойынша консультация беруді, бағалы қағаздармен сауда жасауды, инвестициялық-брокерлік және андеррейтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Компания Қазақстан қор биржасының (KASE), Astana International Exchange (AIX), Мәскеу биржасының (MOEX), Санкт-Петербург биржасының (SPB), "Тошкент" республикалық қор биржасының (UZSE) және Украина биржасының кәсіби қатысушысы болып табылады. Компанияның бас офисі Қазақстан, Алматы қаласында, ал оның әкімшілік офистері – Ресей мен АҚШ-та орналасқан. Компанияның Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Украинада, Өзбекстанда, Германия мен Кипрде, АҚШ-та филиалдары бар.

Бүгінгі күні Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market биржасында, Қазақстан қор биржасында, Санкт-Петербург биржасында және Украина биржасында саудаланады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: