"Эйр Астана" әуе компаниясы ұшаққа найзағай түсті теген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Алматы-Тбилиси бағыты бойынша 9 тамызда KC139 рейсін орындайтын ұшақ Алматы уақыты бойынша 20:30-да көкке көтерілген. Ұшаққа найзағай түсу қаупі болғандықтан әуе кемесі қайтадан жерге қонуға мәжбүр болған”, – деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Ұшақ қалыпты түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ.
Компанияның мәліметінше, бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар белгіленген жерге 00:40 -та ұшып кетті. Ұшақ толық тексерілді, найзағайдың ізі табылмады. Ұшақ пайдалануға қайтарылды.
Бұған дейін Алматы-Тбилиси рейсіндегі жолаушы Алматыдан ұшқан ұшаққа найзағай түскенін хабарлаған.