«Қызметкеріңіз арандатумен айналысуда»: Мейіржан Төребаев Ішкі істер министріне үндеу жолдады (видео)

yzmetkeriңiz arandatumen ajnalysuda mejirzhan tөrebaev ishki ister ministrine үndeu zholdady video c162262

Танымал блогер Мейіржан Төребаев полиция департаментіне "әжелерді қағып кете беремін" деген сөзіне қатысты жауап берді. Ол ІІМ министрі Ержан Тұрғынбаев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қызметкеріңіз арандатумен айналысуда": Мейіржан Төребаев Ішкі істер министріне үндеу жолдады (видео)

Мейіржан дау тудырған видеосын түсіндірді. Ол сарказм арқылы Медеуге дейін веложол салып беруді өтінгенін айтады. Алайда Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов оның өтінішін елемей, әзіл сөзіне шүйлігіп отыр.

"Медеуге дейін веложол салып беріңіздерші, егер ол жолды салмасаңыздар, бізге Терренкур арқылы жүруге тура келеді. Сол жердегі әжелерді қағып кетеміз деп әзіл, сарказм аралас видеоүндеу жолдадым. 

Себебі Терренкурда велосипедпен жүруге болмайды деген белгі тұр, ол жол жүру ережесінде жоқ белгі", – дейді Төребаев.

Блогер Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары жариялаған постқа қатысты ойын айтты. 

"Бұл кісіден күтпедік деп жазыпты. Кешіріңіздер, менен не күтесіздер? Біз сіздерден қауіпсіз қозғалысты ұйымдастырып береді деп күтеміз. Статистика бойынша, үш жылда 100 велосипедшіні көлік қағып кеткен. Өзім түсірген видео бар, қарап көріңіздер", – деді Мейіржан.

Сондай-ақ, вайнер Қазақстан азаматы ретінде велосипедпен жүруге құқығы бар екенін атап өтті. 

"Біз де салауатты өмір салтын құптаймыз, мен салық төлеушімін. Құқығым бар. Веложол салып беріңіздерші, ұсақ нәрсе сұрап тұрмыз. Ал Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары
жариялап қойыпты. Маған, менің отбасыма қоқан-лоққы көрсетілуде. Әлдебіреу адамдардың пікіріне жауап беріп, отқа май құйып жатыр. Негізінде біздің құқығымыз бен тыныштығымызды сақтауы керек", – деді Төребаев.

Сөзіне қарағанда, оған полиция департаментінен хабарласып, түсініктеме жазып беруді сұраған.

"Не үшін түсініктеме жазамын? Өтінішім үшін бе? Өтінішімді байқамай, сарказмды байқаған. Жоғарыдан келген бұйрық дейді. Қандай жоғарыдан? Екінші, үшінші қабаттан? Аспаннан ба? Кім бұйрық беріп жатыр?

Алматы полиция департаменті басшысының орынбасарының парақшасында мен туралы тағы пост шығыпты. Парақшаны өзі жүргізбейтінін сеземін, бірақ парақшасында солай жазулы тұр. Мені шығарып, жауапкершілікке тартудың қажеті жоқ. 

Бұл сіздің ісіңіз еемс. Блогерлер өз жұмысымен, сіз өз жұмысыңызбен айналысыңыз. Жұмысыңыз көп екеніне сенімдімін.

Ішкі Істер Министрін осы жайтқа назар аударуын сұраймын. Кейбір қызметкерлеріңіз арандатумен айналысуда. Маған хабарласып, жазып жатыр, үйдің алдында да біреу жүр. Осының бәрі Алматы полиция департаменті басшысының тергеу ісі бойынша орынбасарының парақшасында болып жатыр. 

Мені шығарып, оқырман жинап жатқан шығарсыз?! Олай жасамаңыз, сіз адамдарды бір-біріне айдап салып жатсыз, маған айдап жатсыз", – деді Мейіржан.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Turebayev Meirzhan (@meirzhach_tv)

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: