«Қосымша синдромдар басталады»: Дәрігер коронавирустан кейінгі қауіп туралы айтты

osymsha sindromdar bastalady dәriger koronavirustan kejingi қauip turaly ajtty 3ac032b

Коронавирустан жазылып шыққан адамдардың өзінде бірнеше ай өтсе де ағзада дерттің кері әсерлері пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Қосымша синдромдар басталады": Дәрігер коронавирустан кейінгі қауіп туралы айтты

Мамандардың айтуынша, COVID-19 вирусынан емделіп шыққан азаматтарда үш не жиырма төрт аптадан кейін қосымша синдромдар ушыға бастайды.

Сондықтан дәрігерлер синдромдардың бар-жоғын білемін дегендерге қан, зәр сынамасын тапсыруға кеңес береді. Сондай-ақ созылмалы коронавирус барысында қанның ұюы, электролит пен тропониндердің көлемі, қалқанша безіндегі гормондардың және Д дәруменінің мөлшері де қадағаланады.

“Айығып шыққан науқастарда өте жиі кездесетін, бірінші кезекте тұрған терлеудің тері бездерінің активті түрде жұмыс жасауы. Жиі терлегіштік. Ол медицина терминінде "гиппергидроз" деген диагнозбен белгілі. Осы ковид ауруының салдары деп білемін. Сондықтан жиі бассейннге барып, терлегіш болса, жиі дұрыс жуыну қажет. Антисептикті дұрыс пайдалану керек”, – дейді дәрігер-дерматоло Жанна Әпсейова. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: