Атырауда жаппай төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

atyrauda zhappaj tөbelestiң soңy adam өlimimen ajaқtaldy 7d0e41b

Атырау облысында топтық төбелес болып, оның соңы адам өліммен аяқталды. Қайғылы оқиға Индер ауданының Есбол ауылының маңында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Атырауда жаппай төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

Жастардың өзара текетіресіне не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі басынан алған ауыр жарақаттан 30 жастағы тұрғын аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмды.

Қазір полиция "Адам өлтіру" бабымен іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіп кетті. Күдікті ретінде осы ауылдың 28-29 жастағы 4 адамы қамауға алынған.

"Индер ауданында 1991 жылғы азаматтың өліміне қатысты қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Осы іске күдікті 4 азамат қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", – деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

  • Теміртауда төбелестің салдарынан 12 жасар бала қаза болды
  • Жақындап келіп, жүрек тұсынан атқан: Атырауда жоғалған малын іздеген жылқышыны өлтіргендер сотталды

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: