Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа түркістандық жанкүйерлері темір тұлпар сыйға тартты

olimpiada zhүldegeri sәken bibosynovқa tүrkistandyқ zhankүjerleri temir tұlpar syjғa tartty 6151d1b

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновты түркістандық жанкүйерлері Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан күтіп алып, темір тұлпар мінгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа түркістандық жанкүйерлері темір тұлпар сыйға тартты

"Түркістан облысының тарихында алғашқы Олимпиада медалін ұтып алған Сәкен өзін үздік спортшы екенін көрсетеді. Оған барлығымыз жанкүйер болдық, куә болдық. Бұл алтынға бергісіз қола жүлде болды. Бізге үлкен мәртебе. Түркістан облысының барлық спортшыларына жеңіс тұғырынан көрінуге тілектеспіз", – деді облыс әкімі.

Бокстан Токио Олимпиадасында 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен 24 жастағы спортшы жартылай финалдық жекпе-жекте Ұлыбритания спортшысы Галал Яфаймен кездесіп, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

"Мені қолдаған барша қазақ еліне, халқыма шексіз алғысымды білдіремін. Әрине негізгі мақсатымыз алтын болған. Бұйырғаны осы болды. Аллаға шүкір деймін. Қазақтың атын әлемге таныту үшін алдағы уақытта да бар күш-жігерімді салуға уәде беремін", – деді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов.

Айта кетсек, Сәкен Бибосынов Токио төрінде 4 кездесу өткізді. Ол Пуэрто-Рика, Франция, Испания боксшыларын жеңіп, қола медальға ие болды. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: