Павлодар облысында ер азамат әйелінің үстіне спирт құйып, өртеп жіберген

pavlodar oblysynda er azamat әjeliniң үstine spirt құjyp өrtep zhibergen d7694aa

Павлодар облысы Розовка ауылында ер азамат әйелімен болған жанжалдан соң, оның үстіне спирт құйып, өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облысында ер азамат әйелінің үстіне спирт құйып, өртеп жіберген

Полиция мәліметінше, ер азамат мас күйі көлігін айдамақ болған. Алайда оның жолына жары бөгет жасаған. Екеуара туындаған жанжалдың нәтижесінде тұрғын тоңазытқыштағы спиртті алып, әйелінің үстіне құйып, от жағып жіберген. 

“Олар әйелдің әкесінің мерейтойын тойлауға келген. Есін жиған азамат жәбірленушінің үстіндегі алауды сөндіріп, отқа оранған киімін шеше бастаған. Артынша жедел жәрдемге хабар берген. Әйел бірінші деңгейлі күйікпен ауруханаға жеткізілген”, – деді Павлодар облыстық ПД басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен келіншектің денесінің 50%-ын күйік шалған. Қазір оның жағдайы ауыр. Жедел түрде қан құю керек, дейді мамандар. 

Ер азаматтың үстінен “Орта деңгейдегі денсаулыққа қасақана зиян келтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Егер оның кінәсі анықталса, тұрғынның екі жылға бас бостандығы шектеліп немесе осы мерзімге қамалуы мүмкін. Одан бөлек, бұл бап бойынша 1000 АЕК көлемінде (3 миллион теңге) айыппұл салу қарастырылған. 

Айта кетсек, ерлі-зайыптының үш баласы бар. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: