Нұр-Сұлтанда есірткіге тәуелді ер адам баланы ұрлап кетпек болға

nұr sұltanda esirtkige tәueldi er adam balany ұrlap ketpek bolғa a27a18d

Нұр-Сұлтанда есірткіге тәуелді ер адам бір жарым жасар баланы ұрлап кетпек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтанда есірткіге тәуелді ер адам баланы ұрлап кетпек болға

Бір жарым жасар баланы ұрлау әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Елордалық полицейлердің мәліметінше, оқиға 7 тамызда Бектұров көшесіндегі дүкеннің алдында болған. 

Дүкеннен баласы бар арбаны сүйреп шыққан әйелдің алдынан ер адам шығап, баланы арбадан көтеріп алған. Анасы ер адамға кедергі болуға тырысқан. 

Полицияның хабарлауынша, келіншекке баласын құтқарып қалуға өтіп бара жатқан адамдар көмектесіпті. 

“Оқиға орнына дереу жедел -тергеу тобы барды. Полиция қызметкерлері Ақмола облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша ұсталған азамат есірткіге мас болған", – деп түсіндірді полицияның баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізілуде.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от QARAKZ ?? (@qarakz)

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: