Түркия Республикасының сыртқы істер министрлігі Қазақстанға орман өрттерімен күресуде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Көмек беріп, қолдау көрсеткені үшін қазақ бауырларымызға рахмет", - деп жазды Түркияның сыртқы істер министрлігі.
Еске салсақ, Қазақстан Түркияға бауырластық көмек көрсетуде.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберді.