Жас әнші үйінде өлі табылды

K-pop жұлдызы Гу Харе небәрі 28 жаста болған еді. Бұған дейін оның менеждері әншінің күйзелісте жүргенін мәлімдеген

28 жастағы корей әншісі әрі актриса Гу Хара Сеулдегі үйінде өлі табылды, деп хабарлайды РИА Новости Newsweek басылымына сілтеме жасап.

Әнші инстаграмдағы парақшасына соңғы рет өз суретін жариялап, астына «Қайырлы түн» деп жазған.

Полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады, қыздың неден көз жұмғаны әзірге хабарланбай отыр.

Осы жылдың көктемінде күйзелісте жүрген Гу Хара өз-өзіне қол жұмсамақ болған еді.

Корей әншісі көпшілікке Kara тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген кезде танылды. Бұл топ 2007 жылы құрылған болатын.

2019 жылдың қазан айында тағы бір корей әншісі 25 жастағы Чхве Чжин Ридің көз жұмғаны белгілі болды. Ол Солли лақап атымен өнер көрсеткен еді.